Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының


Анықтау экспериментінің нәтижесі



бет32/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Анықтау экспериментінің нәтижесі



Эксперименттің анықтау бөлімінде студенттердің таным теориясы жайындағы мәліметтері анықталып, бағалау жүйесі пайыздық өлшеммен көрсетілді.


Қалыптастырушы эксперимент. Қалыптастырушы экспериментте студенттер бақылаушы және қалыптастырушы топ болып 2-ге бөлініп,
«Тілдік танымның бастау көздері» курсы бағдарлама бойынша оқытылды.
Студенттер А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері бойынша таным теориясын меңгеру арқылы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген: «адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жолдарын қамтыды.
Таным теориясын А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулері негізінде оқытудың мақсаты – студенттердің тілтанымдық
білімін тереңдетіп, болашақ ұстаз ретінде танымдық оқыту біліктілігін қалыптастыру.
Студенттер А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың танымдық зерттеулерін саралау негізінде таным теориясын оқу арқылы:

  • қазақ тіл біліміндегі таным теориясының бастапқы ұғымдарын анықтайды;

  • тіл біліміндегі таным теориясының ұстанымдарын айқындайды;

  • тіл біліміндегі таным теориясының психологиялық табиғатын ашады;

  • болашақ маман ретінде танымдық оқыту біліктілігін қалыптастырады;

  • ұлттық, мәдени, адамгершілік, т.б. құндылықтарды бағалауға тәрбиеленеді;

  • шығармашылық-ізденіс жұмыстары арқылы танымдық тіл білімінің зерттелуіне өзіндік үлесін қосады.

Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері негізінде таным теориясын оқыту арқылы студенттердің мынадай интеллектулды-танымдық құзіреттіліктері:

    • тілдік-дүниетанымдық құзыреттілік;

    • ғылыми-танымдық құзыреттілік;

    • кәсіби-танымдық құзыреттілік;

    • мәдени-танымдық құзыреттілік;

    • ақпараттық-танымдық құзыреттілік.

Жоғары оқу орнында білім беру үдерісінің негізгі түрі – дәріс. Дәріс (латын тілінен «lektio» - оқу) жоғары мектепте дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрін білдіреді. «Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым. Дәріс беруші аудитория (студенттер) алдында түзетусіз «таза» сөйлеуі қажет»[137;98]. Дәріс студенттерді ғылымилыққа, күрделілікке, туындаған сұрақтардың жауабын шешуге бағыттап, танымдық іс-әрекетін және шығармашылық ойлау қабілетін ашады. Жоғары оқу орнында дәрістің құрылымы:

    1. Кіріспе: тақырып, жоспар, әдебиеттер тізімі.

    2. Негізгі бөлім (мәтін): тақырыптың ғылыми мазмұны.

    3. Бекіту: дәрісші өтілген тақырып бойынша қорытынды жасайды. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, білім мазмұнын қорытындылайды.

Жоғары мектепте дәрістің бірнеше түрі болады. Танирбергенова С.К. дәрістің мынадай түрлерін көрсетеді:

    • Визуалды дәріс;

    • Бірге жүргізілетін дәріс;

    • Алдын-ала жоспарланған қателері бар дәріс;

    • Дәріс пресс-конференция;

    • Дәріс-әңгіме;

    • Дәріс-пікірталас;

    • Нақты жағдаяттарды талдау дәрісі;

    • «Дөңгелек үстел». [138;9]

Сол сияқты интербелсенді дәріс түрін де қолдануға болады. Интербелсенді дәрістің ерекшелігі дәріс студенттерге алдын ала ұсынылып, дәріс сабағы пікірталас түрінде талқыланады. Студенттер өзіндік ойларын білдіріп, тақырып бойынша сұрақтарын қояды, талқылайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет