А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, Қ.ЖҰБАНОВ, С.АМАНЖОЛОВ
ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МОДЕЛІ
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, Қ.ЖҰБАНОВ, С.АМАНЖОЛОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУ МОДЕЛІ
ОҚЫТУ МАҚСАТЫ
БІЛІМДІЛІК ДАМЫТУШЫЛЫҚ ТӘРБИЕЛІЛІК ТАНЫМДЫҚ
ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ Қ.ЖҰБАНОВ С.АМАНЖОЛОВ
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ
ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ
ТЕРМИНДЕГІ ТАНЫМ
ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ
ТІЛ МЕН ТАНЫМ
ТІЛ МЕН ҚОҒАМ
ДҮНИЕНІ ҚАБЫЛДАУ ҰСТАНЫМЫ
КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҰСТАНЫМЫ
КАТЕГОРИЗАЦИЯЛАУ ҰСТАНЫМЫ
КОНЦЕПТУАЛДЫҚ МЕТАФОРА ҰСТАНЫМЫ
ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ
Жалқылаулы-жалпылау әдісі
Әңгімелесу әдісі
Салыстыру әдісі
ДИАЛОГ
САЙЫС САБАҒЫ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Сұрақ-жауап әдісі
Түсіндіру әдісі
Танымдық әдіс
Талдау-жинақтау әдісі
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ
САЯХАТ САБАҚ
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Пәнаралық байланыс
Топтау әдісі
Проблема қоя оқыту
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
танымдық-тағылымдық
дамыта оқыту
модульдік оқыту
сын тұрғысынан ойлау
интербелсенді оқыту
қашықтан оқыту
тілдік-танымдық құзыреттілік
ғылыми- танымдық құзыреттілік
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР
кәсіби-танымдық құзыреттілік
мәдени- танымдық құзыреттілік
шығармашылық
-танымдық құзыреттілік
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР
Қорытынды
Қазақстандағы жоғары білім елдің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру,үздіксіз білім беру, реформалар үдерісіндегі үздіксіздігі, әлеуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау, бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлеуметтік және этикалық ынтымақтастық концепциялары негізінде құрылады. Олай болса еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі тілдік таным мәселелсін оқытудың маңыздылығы артып, таным теориясының басты ұғымдары жүйеге келтіріліп, жаңашыл технологиялар арқылы меңгертуді қажет етеді.
Бүгінгі еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі тілдің танымдық болмысын оқыту үшін таным теориясының басты ұғымдары жүйеге келтіріліп, жаңашыл технологиялар арқылы меңгерту жүзеге асты. Тіл біліміндегі антропоцентристік бағыт дүниежүзінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттелгенімен, қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы еңбектерінде көрініс тауып, тілдің танымдық қыры жайындағы ғылыми тұжырымдары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулерінде жалғасын тапты. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде тілдің табиғатын, сырын ашуға негізделген таным теориясының бастапқы ұғымдары кездеседі. Тіл болмысын қарым- қатынас құралы, қоғамдық құбылыс деп қана қоймай, тіл адам баласы үшін бүтіндей әлемді тануына, сыртқы қоршаған ортаны қабылдап, ол туралы пайымдап, тұжырымдауына ықпал ететін аса маңызды құбылыс ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар, адамның айналада қоршаған заттар мен құбылыстарды сезім мүшелері арқылы танып, қабылдап, түсініп алып, танымның жоғарғы сатысы «ақылға» салып, ойлап, пайымдап, тұжырымдайтындығын дәл айтады.
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының бастапқы ұғымдарын қалыптастырушылардың бірі – Қ.Жұбанов. Профессор Қ.Жұбанов қазақ тілінің табиғатына терең бойлай отырып, жалпы тіл болмысының әмбебаптық қызметіне де баса назар аударады. Тілдік бірліктер арқылы адамның дүниені тану, қабылдау, түсіну ерекшеліктерін сипаттайды. Қазақ тілін басқа тілдермен салыстыра отырып, тек қазақ тіліне ғана тән ерекшеліктерді таным арқылы талдап көрсетеді. Ғалым тілді талдау арқылы ұлттық, мәдени ерекшеліктердің тілден көрініс табатындығын тұжырымдайды.
Қ.Жұбановтың әдіснамалық зерттеулерінен де тілдің танымдық теориясына қатысты тілді оқытуда танымдық қызметін ескеру, білім алушының танымдық қабілеттерін баса назарда ұстау, шәкірттің танымын алға қоя білім беру үлгілері кездеседі. Ал С.Аманжолов зерттеулерінде тіл болмысынан «халықтың жүріп өткен жолын», яғни тарихын, тұрмысын, тіршілігін көруге болатындығы айтылады. Тілдің танымдық қырын халықтың өмірімен, тарихымен, салт-санасымен ұштастыра зерттеген С.Аманжолов тілдік таным арқылы ұлттық, мәдени-рухани құндылықтарды көруге болатындығын дәлелдейді.
Сондықтан таным теориясын А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектері негізінде қарастыру барысында, біріншіден, ғалымдардың тілтанымдық көзқарастары сараланып, ғылымдар тоғысында зерделеніп, тілдің танымдық қызметі оның табиғи болмысы ретінде сипатталады. Екіншіден, ғалымдардың танымдық тұжырымдары арқылы таным теориясының негізгі ұстанымдары айқындалды. Адам физиологиясының айналада қоршаған заттар мен құбылыстарды қабылдауда тілдің атау қою теориясы қатысып, тіл мен ұғым тығыз байланысып отыратындықтан, адамның дүниені қабылдау ұстанымы анықталды. Таным теориясының кескіндеу, кейіптеу ұстанымы қазақ тілінің негізін салушы ғалымдардың еңбектерінде тілдік тұрғыда сипат алып, тілдік бірліктер арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, таным теориясының концептуализациялау, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдары зерделенді.
Үшіншіден, ғалымдардың әдіснамалық еңбектері негізінде таным теориясын меңгертудің жолдары ұсынылды. Ғалымдардың тілді оқыту барысында ұсынған әдістері сараланып, әдіснамалық көзқарастырының бүгінгі күні білім берудегі жаңа технологиялармен сабақтастырыла қарастырылды. А.Байтұрсынұлыны, Қ.Жұбановтың, С.Аманжоловтың тілді оқытудың танымдық негіздері зерделеніп, ғалымдардың білім беру шеберліктері жаңа технология негізінде таным теориясын меңгерту үлгісі жасалды. Зерттеушілер дамыта оқыту, модульдік оқыту, қашықтан оқыту, сын тұрғысынан ойлау, тіл дамыту технологияларының атын көрсетпесе де, негізгі ойлары жаңа технологиялармен ұштасып, тілдің танымдық сипатын ескеріп тиімді оқытудың үлгілерін ұсынады.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдар жалпы тіл табиғатын жан- жақты, терең қарастырып, тіл болмысының қыр-сырын ішкі көкірек көзімен (интуициясымен) сезіне білудің салдарынан тілдің танымдық қызметін, зерттеулеріне арқау етіп, тілдің танымдық сипатын, таным теориясының ғылыми негіздерін, оның басты ұстанымдарын өзіндік көзқарастары, пайымдаулары, тұжырымдары арқылы берген.
Қорытындылай келе зерттеу жұмыста тілші-ғалымдардың тілдік танымға қатысты зерттеулерін зерделей келе мынадай тұжырымдар жасалды:
«Ұлы Дала Елі» идеясын іс жүзіне асыру барысында қазақ тілінің танымдық табиғатын көрнекті тілші-ғалымдардың еңбектерімен сабақтастықта зерделеу әлемдік өркениет пен ұлттық рухани
құндылықтарды тіл арқылы танып-білуге игі ықпал етеді;
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың таным теориясына қатысты пікір-тұжырымдары тіл білімі салаларының бұрынғы және қазіргі даму кезеңдерін анықтай отырып, тілді танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауға көмектеседі;
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным теориясы қазақ тіл білімінің ғылыми-педагогикалық аспектісін айқындай отырып, лингвистиканың даму көрсеткіші болып табылады. Өйткені танымның ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жақтары Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде маңызды орын ала отырып, тіл білімін тың қағидалармен байытады, оқыту үдерісіндегі жаңа ұстанымдарды белгілейді;
Таным мәселесі психо-физиологиялық, логика-философиялық, тілдік- мәдени тұрғыдан күрделі құрылым болып табылады. Сондықтан А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі таным теориясы түрлі ғылым салаларын (психология, мәдениеттану, этнография, философия) тоғыстыра келіп, когнитивтік лингвистиканың даму бағыттарын айқындайды;
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың танымдық көзқарастарын білім беру жүйесіне енгізу тілдік бірліктердің семантикалық өрісін, коммуникативтік ерекшеліктерін, стилистикалық қызметін жаңа парадигма ретінде қарастыруға мүмкіндік береді;
Модульдік технология бойынша жасалған «Тілдік танымның бастау көздері» атты қосымша пән таным мәселесін интербелсенді әдіс арқылы меңгертуде жақсы нәтиже береді.
Демек,, А.Байтұрсынұлы еңбектері әлемнің тілдік бейнесі және термин жасаудағы таным үлгілері арқылы таным теориясының негізін құраса, Қ.Жұбанов зерттеулері тіл мен таным бірлігін айқындап, тіл мен мәдениет тұтастығын көрсетіп, тіл арқылы халықтың мәдениетінен хабар алуға болатынын дәлелдейді. С.Аманжолов еңбектері тіл мен қоғам сабақтастығын қарастырып, тіл сананы бейнелей алады деп тұжырымдайды. Сондықтан ғалымдардың еңбектеріндегі таным мәселесі бүгінгі таңда білім алушының өзін тануға, өзгені тануға және өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, ділдік қасиетін таныту үшін аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |