Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының


Таным теориясын оқытуда қолданылатын жаңашыл технологиялар



бет23/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Таным теориясын оқытуда қолданылатын жаңашыл технологиялар


ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісі және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, мәдениетті, Отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етеді. «Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру саясатында елеулі өзгерістер орын алды. Бұл ретте жаңа әдістерді білім беру үдерісіне енгізу арқылы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамыту көзделген. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін бәсекеге қабілетті маман даярлау қажет. Ол үшін мемлекеттік білім беру жүйесімен қатар халықаралық білім беру жүйесінің даму қарқыны да ескерілуі керек»[121;33] Сондықтан елімізде ұлттық ерекшелігімізді, ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді сақтап қалу үшін жас ұрпақты ұлттық болмысты бағалауға жетелейтін оқытудың жаңа жолдарын қарастыру қажеттелігі туды. Осы мәселеде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов және


С.Аманжолов ұстанған оқытудың үлгілерінің маңызы уақыт өткен сайын артып келеді.
Еліміздегі білім саласында білім берудің ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Ол баланың оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіру, өзін танытуға және өз ойларын асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен білім алушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Оқытушы жаңа педагогикалық технологияларды оқу тәрбие үдерісінде жүйелі пайдалану арқылы шәкірттің білім сапасын арттыруы қажет. Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты мұғалімнің инновациялық іс- әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа технологияны меңгерген әрбір ұстаз өз сабағын оң нәтижеде көре алады. Өйткені оқытушы жаңа педагогикалық технологиялады оқып үйренеді, меңгертеді, жаңа технологияларды тәжірибеде қолданады, оны дамытады, нәтижесін тексереді. Мұғалім ұйымдастырушылық, сараптылық, бейімділік қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай түсуге бейім болуы шарт.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде таным теориясын оқыту үшін қолданылатын технологиялардың әр алуандығы мен жаңашыл шеберлігінің қажеттілігі артып отыр. Студенттерге білім беру барысында қазақ тіл біліміндегі таным мәселесін оқыту түрлері, әдіс-тәсілдері, жаңа заман талабына сай құзыреттіліктерін қалыптастыру, пәннің мақсаты мен нәтижеге жетудің басты жолы – оқыту технологиялары болып табылады.
Технология – білімдік ақпараттарды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы студенттерге ұсынып, шеберлікпен меңгертудің жолдарын қамтитын ғылым.
«Технология» сөзі грекше «techne» – өнер, шеберлік, кәсіп және
«logos» - ғылым деген сөздерінен алынған. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»
«технология » сөзіне төмендегідей түсінік берілген: «Ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі; ғылымның өндіріс құралдары арқылы материалға, шикізатқа немесе жартылай өнімге әсер ету жолдары мен әдістері туралы саласы»[122;170]. Орыс ғалымы В.П.Беспалько педагогикалық технологияның басты сипаттары нәтижелікке кепілдік беру және оқу үдерісінің жобалау екенін атап көрсете отырып, бұл терминге төмендегідей анықтама береді: « Педагогикалық технология – мүлтіксіз орындау арқылы жоспарланған нәтижеге жеткізетін іс-шаралардың реттелген жүйесі. Бұл ретте жоспарланған нәтиже деп мемлекеттік білім беру стандарты айтылып отыр» [123;192].
Оқыту процесін жаңаша ұйымдастырудың немесе инновациялық үрдістерді пайдаланудың түпкі мақсаты шеберлікті қалыптастыру. Шеберлікті М.М.Дьяченко және Л.А.Кандыбович: «...педагогикалық міндеттерді шешуге көмектесетін білімдер, икемділіктер, дағды,
психологиялық процестер мен қасиеттер жүйесі» [124;169-170]-деп түсіндіреді.
Тіл білімінде таным теориясын оқыту жүйелілік пен алдын ала дайындықты қажет етеді. Таным теориясы барша адамзат ғылымында аса маңызды орын алатындықтан, оны тіл білімінің зерттеу салаларымен айқындап түсіндіру үшін, оның ішкі компоненттерін, категорияларын оқыту үшін жаңа оқыту технологияларының маңызы зор. Қазақ тіл білімінің негізін салушы көрнекті қайраткерлер А.Байтұрсынұлының, Қ. Жұбанов, С.Аманжоловтың лингвистикалық еңбектерінде тілді танымдық тұрғыдан оқыту мәселесінде тілші-ғалымдардың пікірлері бүгінгі білім берудегі жаңа технологиялар туралы ұғымдармен ұштасып жатады.
А.Байтұрсынұлы оқыту мәселесінде әдісті жаңарту қажеттілігін «Әліп- би» еңбегінде: «Бұл әліб-бій кітабы жаңа әдіске көшу жүзіндегі көңіл тілегі мен қол қысқалығын бір-біріне жанастырып жақындату шарасын табу түрде шығарылып тұр. Үйрету жағынан «дыбыс әдісі» мен «тұтас оқу» әдісінің екеуіне бірдей жарарлығы көзделді. Мазмұн жағынан қазақ жағдайына жанастырылып, жаңа проғырамша (гуус проғырамынша) болуы көзделді»[125;1]-деп көрсетеді.
А.Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін саралай келіп, зерттеуші Р.Рахметова танымдық және тағылымдық тұрғыда оқыту шеберлігін ерекше бағалай келіп, бұл оқыту технологиясын – «А.Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясы» деп атады. [126;17] Ғалымның әдістемелік шеберлігінің «танымдық-тағылымдық технологиясы» деп аталуы өте орынды деп санаймыз. Бұл оқыту шеберлігінің ерекшелігін В.Құлмағанбетова: «тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы қабылдау қабілетін дамытуға, сондай- ақ қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы»[125;31] –деп көрсеткен. Сонымен бірге танымдық-тағылымдық технологиясында А.Байтұрсынұлы біліммен сусындап қана қоймай, барынша қазақтың ұлттық ділін сақтап, мәдениетін ескеріп, ұлттық қасиетін бағалай келе, білім алушыны ұлттық тәрбиеге жетелеп, ұйытып отырған. Ғалымның оқу құралдарындағы тапсырма беру үлгісі, біріншіден, қазақтың мақал- мәтелдерін меңгеруден тұратынын аңғарамыз. Мысалы: «Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді», «Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын, бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын», «Тыңдамаса сөйлеген есіл сөзім, жыламасқа жылаған екі көзім», «Аталы сөзді арсыз қайырар, жүйелі сөзді жөнсіз қайырар», «Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман төрді былғар», «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады»-деген мақал-мәтелдерді тапсырма беруде қолдану арқылы ғалым білім мазмұнын тереңдетіп қана қоймай, таным-тағылымдық дағды қалыптастырады. Тілші қазақ баласының жанына
жақын мақал-мәтедердің ұлттық құндылықтарды бағалауда, адамгершілікке тәрбиелеуде, сөз құдіретін түсінуде маңызы зор екеніне айрықша назар аударады.
Өнер-білімді дәріптейтін қазақтың мақал-мәтелдерінің ішінен А.Байтұрсынұлы шәкірттің санасына сіңіріп, оның білімге де құштарлығын арттыру үшін мынадай мақал-мәтелдерді ұсынады: «Оқу түбі тоқу»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет