Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының


«Өнер алды – қызыл тіл», «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы»



бет24/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

«Өнер алды – қызыл тіл», «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы»,


«Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар». Ғалым тек сөз өнеріне, өнер-білімге қатысты мақал-мәтелдер ғана емес, сонымен қатар, жалпы адамгершілік құндылықтарды бағалауға жетелейтін үлкенді сыйлауға, сабырлыққа шақыруға, еңбекке баулуға, барлық өмірде қажет болатын мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы шәкіртке танымдық-тағылымдық білім берудің үлгісін ұсынады. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар. Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады. Сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Берген алар, еккен орар. Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Көп баланың ішіндегі қарт – бала болар, көп қарттың ішіндегі бала – дана болар. Тентектің ақылы түстен кейін енеді. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Денсаулық – зор байлық. Өзі тойса да көзі тоймайды. Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Жыртық үйге тамшы үйір, арық атқа қамшы үйір. Жеті рет піш, бір рет кес. Көз қорқақ, қол батыр. Сақтықта қорлық жоқ. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер басыңа. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. Қатты жерге су төксең, суықта тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң таршылықта айғақ болар. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын. Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес, адамның өзі өлсе де, ісі өлмес. Білімсізбен алыспа, текке өмір тауыспа. Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс-жуығы іс келгенде білінер. Асың барда ел таны, атың барда жер таны. Тау тауға қосылмайды, адам адамға қосылады. Бүгінгі таңда зерттеліп жатқан ежелден қазақы мәдениет, әдет-ғұрып, салт-сана қасиеттерін сіңірген мақал-мәтелдерді оқытуда қолданудың танымдық маңыздылығын ғалым сол кезеңде аңғарған. Және шәкірттің қабілетін арттыру, қызығушылығын ояту, тілін дамыту сөз, тіл арқылы жүзеге асқанын байқаймыз. Демек,, тілдің танымдық қызметін толық түсінген ғалым, білім беруде таным мәселесін танымдық-тағылымдық технологиясы арқылы оқытуға жетелейді. А.Байтұрсынұлы білім беруде сапалы оқытудың кілті – іздену, тиімді әдістерді орнымен қолдана білу, түрлендіріп отыру, тәрбиемен ұштастыру, оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасына назар аудаған пікір- көзқарастары кез келген әдіскер үшін қажет. Тілдегі таным теориясын оқытуда танымдық-тағылымдық технологиясы арқылы шәкіртке барлық адамгершілік құндылықтар тіл арқылы ұғындырылады. А.Байтұрсынұлы ұсынған бұл технология негізінде оқушының, студенттің коммуникативтік, лингвистикалық, тілдік және мәдениет танушылық
құзыреттіліктері айқындалады. Ғалым танымдық-тағылымдық оқыту шеберлігінде сұрақ-жауап әдісін, әңгіме әдісін, берілетін білім көзі деңгейіне сәйкес түсіндіру әдісін, салыстыру әдісін, оқулықпен жұмыс істеу әдісін, ойын әдістерін қолданғандығын көреміз.
Қазақ тілінің негізін қалыптастырып, оны оқытуға арналған А.Байтұрсынұлы еңбектерінде бүгінгі күні маңызды деп танылып жүрген дамыта оқыту технологиясының ұшқындары байқалады. Ғалым:
«Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса, дамыту болады. Әншейін сөйлегенде дамыту мынау болады:

        1. Бар! Жүгір! Ұш!

        2. Мен саған он рет, жүз рет, мың рет айттым. «Бар» дегеннен «жүгір» деген күштірек, «жүгір» дегеннен «ұш» деген күштірек. Екінші мысалда «он рет айттым» дегеннен «жүз рет айттым» деген күштірек, «жүз рет айттым» дегеннен «мың рет айттым» деген күштірек. Дамыту негізгі сөздің осы табиғи заңына тіреледі»[42;179]-деп дамыту заңдылығын түсіндіреді. Сонымен қатар, тілді оқытуға арналған еңбектерінің жүйесі бірін-бірі күшейтіп отырған. Әр бөліміндегі білім мазмұны бірін-бірі толықтырып, тақырып мазмұнын «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделіге қарай, тапсырмалар беру арқылы бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтастын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. А.Байтұрсынұлы тақырыпты беріп, соңына тапсырмалар беру арқылы білім алушының тілін дамыту мақсатын көздейді. Шәкірттің тілін дамытуға көзделген А.Байтұрсынұлы берген тапсырмалар мынадай қағидаларға негізделген:

  • «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы басында шағын түрде, соңында- мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен деректер енгізген.

  • сөйлесу бөлімінің әр сабағында жаңа тақырып қызығушылықты оятатындай ерекшеленіп отырған. Оқу материалын бірсарынды формада емес, білім алушыны тез жалықтырмайтындай түрлендіріп, күрделендіре түскен.

Бүгінгі таңда оқытудың жаңаша түрі саналатын дамыта оқыту технологиясы жайында Тұрғанбаева Б.А.: «Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту бір мөлшерде адамды дамытады. Бірақ оқыту дамытудың алдында жүріп, оқушының дамуына шешуші рөл атқарады»[127;5]-дейді. А.Байтұрсынұлы дамыту заңдылығын алға қойып, оқытуға арналған еңбектерінде де дамыта оқыту шеберлігінің маңыздылығын ескерген.
А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында, еңбектерінде әдістемелік шеберліктердің сан алуан түрі кездеседі. Бүгінгі таңда білім беруде модульдік оқыту технологиясының тиімділігі зерттеліп, оқытуда ерекшеліктері ұсынылды. А.Байтұрсынұлы ұсынған оқу құралдарының өзі модульден тұратындығы айқын. Ғалым тілдегі таным теориясын ескере отырып, тіл табиғатын модульге бөліп оқытуды тиімді пайдаланған.
Ғалымның ұсынған әр оқулығы бір-бір бөлімнен «Тіл – құрал. (Дыбыс жүйесі мен түрлері, І-нші тіл танытқыш кітап)», «Тіл – құрал. (Сөз жүйесі мен түрлері, ІІ-нші тіл танытқыш кітап)», «Тіл – құрал. (Сөйлем жүйесі мен түрлері, ІІІ-нші тіл танытқыш кітап)» атты 3 кітаптан тұратын оқу құралдарын жазды. Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.
А.Байтұрсынұлы әдістемелік еңбектерін ұсына отырып, бүгінгі таңда модульдік оқыту деп аталатын технологияның үлгісін жасағанын аңғарамыз. Ғалым тіл табиғатының құрылымдық ерекшелігін жүйелеп, бөлім-бөлім арқылы қарапайымнан күрделіге қарай оқытып, білім алушыны жалықтырмай, қызығушылығын қалыптастырып, ынтасын арттырып, алған білімін қайта жаңғырту арқылы сапалы білім беру жолын көздейді. Білім алушының тілін дамыту арналған тапсырмалар беру арқылы танымын кеңейтіп, білім-білік дағдыларын қалыптастыруға «сынау» және
«дағдыландыру» деп аталатын тапсырмалар түрлерін ұсынады. Білім алушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін жетілдіруге ықпал етеді.
Таным мәселесін оқыту барысында да модульдік оқыту технологиясын қолданып, А.Байтұрсынұлы ұсынған әдістемелік ерекшеліктері мен оқыту қағидаларын пайдалану тиімді деп санаймыз. Аталмыш технология әдістері білім алушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді. Білім алушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Сондықтан А.Байтұрсынұлы еңбектерінде қолданған модульдік оқыту білім алушының оқу және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда модульдік оқыту технологиясының тиімділігін көрсетіп, әдіснамалық қағидалаларын жетілдірген М.Жанпейісова болып табылады. Модульдік оқыту технологиясының құрылымын М.Жанпейісова кіріспе бөлімі, сөйлесу бөлімі, қорытынды бөлімге жіктейді. Кіріспе бөлімінде білім алушыны тақырыпқа енгізу әрекетін жүргізуді ұсынады. Сөйлесу бөлімі шәкірттің танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыруға бағытталған. Ал қорытынды бөлімі алған білімін қорытып, бақылауға арналған. [128;10] Модульдік оқыту технологиясы оқытушы алдында тұрған бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • жалпы білім сапасын жоғарылату;

  • сабақтың тиімділігін арттыру;

  • білім алушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;

-жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Ұлт үшін айрықша маңызы бар салаларды зерттеген, болашаққа өшпес педагогикалық мұра қалдырған қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі

  • Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың орны айрықша. Оның тіл білімі саласындағы әмбебап ғалым екендігіне фонетика, орфография,

терминология, этимология, сөзжасам, синтаксис жайындағы құнды пікірлері дәлел болмақ. Ғалым бұл мәселелерді сөз ету барысында аталмыш салаларға қатысты кемелді ой-пікірлер айтумен қатар, жаңа ғылыми бағыттардың негізін қалады. Қ. Жұбанов өз заманындағы педагогикалық ой – пікірден 40-
50 жылдай алға кетіп, мұғалімнің оқушыға білім беріп қана қоймай,оны тұлғалық жағына қалыптатырушы екенін де атап көрсетті. Ал оқушыны тұлғалық жағына қалыптастыру мен дамыту қазіргі оқыту технологияларының басты мақсаты екендігі белгілі. Оқыту шеберлігінің әдіскер үшін маңыздылығын жақсы түсінген ғалым газетке мақала ретінде жариялап, «оқытушылар көпшілігіне» ұсынып отырған: «Бүгінде біз біліп, көріп жүрген тілдердің жетіскен, өте игерілген тілдер болушылығы – бүгіндегі еңбек техникасының өркендегенін әр нәрсеге технология көзімен қараушылығымыз» [44;44]-дей келіп, ғалым технологияны дүниенітану жетістігі деп бағалайды: «Бүгіндегі біздің жазу техникеміз де осы технологияшыл дүниетану жемісінің бірі. Жазу үйренгенде біз бірден сөздерді, сөйлемдерді жазып үйренбейміз, әрбір дыбысқа өз алдына таңба (әріп) белгілеп, сол таңбаларды жазуға, олардың дыбыстық мәндерін айыруға үйретіп аламыз да, сонан кейін барып қана сол жеке дыбыс белгілерін қостырып, жалғатып, сөз,сөйлем құрастырамыз» [44;44]-деп түсіндіреді.
Қ. Жұбанов 1936 жылы «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығының алғашқы беттерінен-ақ оқушыға ізденіс жолын нұсқайды. Материалды сатылай бере отырып,ғалым балаларды жүйелі ойлауға төселдіреді. Еңбектен қазіргі жаңашыл әдіскерлеріміз кең қолданып жүрген деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту технологиясының элементтерін байқауға болады. Оқулық құрылымы әр оқушының белгілі бір деңгейдегі тапсырмаларды орындау қажеттілігіне көңіл бөлген. Егер оқушы аз уақыттың ішінде көп тапсырма орындап үлгеретін болса, ол оқушының қабілетін, белсенділігін, іскерлігін, ал ұстаздың шеберлігін көрсетеді.Тілдік заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптарын да соғұрлым жақсы орындатады. Сөйтіп,деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жақсы оқитын бала зерікпейді, орташа оқушы бос отырмайды,ал нашар оқитын оқушы бос көшіре бермейді. Бұл әдіс қазақ тілі сабақтарында өз дәрежесінде жүргізілсе, жақсы нәтиже беретінін кезінде Қ.Жұбановтың өзі жақсы аңғарған.
Ғалым қазақ тілінің грамматикасын оқыту барысында «Сөз деген не?» деген мәселеге бармас бұрын, «сөз бөлшектерін» талдап: «Сөз ауызекі де сөйленеді, қағазға да жазылады. Жазылған сөз түгел бір кітап болуы да, шағын бір хат болуы да, тек бір кісінің аты болуы да, тіпті бір ғана әріп болуы да мүмкін. Осы сияқты ауызекі сөйленген сөз де ұзақ бір әңгіме, тұтас бір баяндама болуы да немесе бір-ақ ауыз сөз болып, не бір нәрсенің ғана аты, бір ғана дыбыс болуы да мүмкін. Осылардың бәрі де сөз бөлшектері болады» [75;2]-деген анықтама береді. Сөз бөлшектерін «бұйым» болатын
«материал» деп білім алушының танымына жеңілдетіп түсіндіріп, одан әрі
«сөз бұйымының жасалу жолдары», «сөз деген не?», «сөз бен ой», «сөйлем»
деген тақырыптарды оқыту арқылы дамыта түседі[75;1-5]. Қ.Жұбанов әдістемелік еңбектерінде қолданған дамыта оқыту шәкірттің тек психикалық даму формасын ғана қамтымай, оның білімін, тәжірибесін, шығармашылық қабілетін, ізденімпаздығын дамытып, бір дәрежеден екінші бір деңгейге сапалық артуын көздеген. Сонымен қатар, тілдің танымдық болмысын оқыту барысында Қ.Жұбанов дамыта оқыту арқылы білім алушының білім, білік, дағдысын қалыптастырып қана қоймай, байқампаздығын, ойлауын, тәжірибелік өркениетін дамытуды мақсат еткен. Себебі дамыта оқыту технологиясының ерекшелігі шәкірттің ізденушілік-ойлау әрекетін басты назарда ұстайды. Ол үшін білім алушы өзінің бұған дейінгі амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы артады. Қ.Жұбанов тіл білімін танымдық тұрғыда оқыту барысында қолданған дамыта оқыту технологиясында проблема қоя оқыту, баяндау, ізденушілік, зерттеушілік әдістерін қолданған.
Қ.Жұбановтың тілдегі таным мәселесін оқытуда қолданған дамыта оқыту технологиясы шәкірттің ойларын жетілдіруде маңызы зор. Ол мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет