ІІ БӨЛІМ. Сөзтану ғылымы (Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев, І.Кеңесбаев, К.Аханов, Н.Уәлиұлы, Б.Сағындықұлы, Г.Смағұлова және т.б. ғалымдардың еңбектерінен алынған лексикаға қатысты мәтіндер). Лексика. Фразеология бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.1.1.5
10.3.1.2
мәтіндегі қорытынды бөлімнің орнына өз біліміне сүйеніп қорытынды жасау;
сөздердің тура, туынды мағынасын, тіркесу сипатын, қолданылу аясы мен стильдік қызметін көрсете отырып, толық лексикалық талдау жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
мәтіндегі қорытынды бөлімнің орнына өз біліміне сүйеніп қорытынды жасайды;
сөздердің тура, туынды мағынасын, тіркесу сипатын, қолданылу аясы мен стильдік қызметін көрсете отырып, толық лексикалық талдау жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма 1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің қорытынды бөлімін өз біліміңізге сүйене отырып жазып шығыңыз (4-5 сөйлем).
Тіл тарихы. Түбі бір түркі тілі (Энциклопедиялық ақпарат)
Қазақ тіл білімінің тарихы шартты түрде: ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді.
Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.
Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті.
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 - 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 - 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл - құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
https://kk.wikipedia.org/wiki
(7 балл)
Тапсырма 2. Мәтінде қарамен боялған сөздерге толық лексикалық талдау жасаңыздар. (8 балл)