Қазақ тілі
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бөгде адам
Балалар жол бойымен жүріп келеді. Олардың алдында бір қарт әжей кетіп бара жатты.
Жолдың бетін мұз басқан, тайғанақ болатын. Бір кезде қарт әжей тайғанап кетіп, құлап қалды. Ұл бала әжейге қарай тұра ұмтылды. Ол әжейді орнынан тұрғызып, жолдан өтуіне көмектесті.
Қыз бала әрі қарай жүре берді. Ол досы өз әжесіне көмектесіп жатыр деп ойлады.Бірақ әжей мүлде бөгде адам еді.
а) Мәтіннің кейіпкерлерін жаз _________________________________________
ә) Әжейге кім көмектесті? ______________________________________________________
б) Екінші кейіпкер не деп ойлады? _______________________________________________
в) Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? Неліктен? _____________________________________________________________________
г) Мәтіннің мазмұны бойынша қандай ой түйдің? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым
Мәтінді оқы. Мәтінге сәйкес сұрақпен сәйкестендір.
Бүгін – білім күні. Әсел мектепке жиналды. Киініп айнаның алдына келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады. Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды. Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады. Содан соң қуанышы қойнына сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа шықты. Уақытын өткізіп алғанын енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп қалғанына қатты өкінді.
Не істеді? Неліктен? Қандай?
а ) Мәтіннің түрін белгіле ( V).
Пайымдау мәтіні Сипаттау мәтіні Әңгімелеу мәтіні
ә) Мәтіннің ортасын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз.
б) Әселдің сабаққа кешігуінің себебі неде? Сұраққа жауап жаз.
________________________________________________________________________
в) Мәтінге ат қой _____________________________________
Жазылым
Сөйлемдерді сөйлем түрімен сәйкестендір. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні қой.
Хабарлы сөйлем Өркенің өссін қарағым
Сұраулы сөйлем Тоғайда түрлі аңдар болады
Лепті сөйлем Қалада қандай үйлер бой көтерді
а ) Сызбаға мұқият қара. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта. Сызба бойынша 2 хабарлы сөйлемдер құрастырып жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |