ҚЫСҚа мерзімді жоспар пән: физика, 11 Асынып



Дата06.02.2020
өлшемі15,1 Kb.
#57333
түріСабақ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пән: физика, 11 Асынып

Күні: №1

Тақырыбы:

Механикалық гармоникалық тербелістер


Мақсаты

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар және олардың арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

А.Толқындық қозғалысты және толқын түрлерін біледі

В.Толқынның таралу қасиетін түсінеді

С.Толқын ұзындығын, таралу жылдамдығын есептер шығарғанда қолдана алады.

Керекті жабдықтар

ресурс парақтары, жұмыс дәптері, маркер, АКТ ,

Әдіс-тәсілдер

«Жазба жұмыс», «Бас бармақ», «Дос көмегі», топтық, өздік жұмыстар

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Басы
(10 мин.)


-Оқушылармен амандасу.

-сыныпты түгендейді

-кезекшілік қызметін қадағалау

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару

-психологиялық дайындық.

Оқушыларға 1-4 ке дейін сандарды айтқызу арқылы топқа бөлу

І топ

ІІ топ


ІІІ топ

ІVтоп


.

9 сыныптағы «Тербелістер» тарауы бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Тербелістер деген не?

  2. Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?

  3. Гармоникалық тербелістер деген не?

  4. Тербеліс периоды деген не? Формуласы.

  5. Жиілік деген не? Формуласы.

  6. Тербеліс амплитудасы деген не?

  7. Тербеліп тұрған дене траектоиясының кез келеген нүктесіндегі толық энергия неге тең?

  8. Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы?

  9. Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы неге тең?

  10. Еркін және еріксіз тербелістер деген не?

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау



-Мұғаліммен амандасады

-кезекшілік қызметін атқарады

-сабаққа зер салады

Топтарға бөлінеді.

Сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Осы тақырыпқа байланысты келешекте не білгілері келетіндігі жөнінде өз ойларын жеткізу арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.



Ортасы
(25 мин.)


Әр топқа тақырыпқа байланысты оқулық бойынша тақырыпшалар беріледі.

Бағдаршам арқылы Выготскийдің ЖАДАна сәйкес қажет болған жағдайда оқушыға көмектесу. Нәтижесі постер қорғаумен аяқталады. Жаңа тақырып бойынша негізгі ақпаратты презентация арқылы көрсетіп, дәптерлеріне жазып алуды ұсыну.

«Бас бармақ» әдісі арқылы тусіну дәрежесін бағалаймын.

1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы 10 беттегі №1 есептерді шығарту. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану,



Әр топ тақырып бойынша жұмыстанады. Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; постер жасау, қорғау.

1 топ Жаңа тақырыпқа байланысты толқындық қозғалысты сипаттайды

2 топ Көлденең және қума толқындар жайлы айтады.

3 топ Толқын ұзындығы, таралу жылдамдығын айтады.

4 топ Механикалық толқынның қасиетін сипаттайды.

Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.

Бүгінгі жаңа тақырып бойынша ең негізгі материалды дәптерлеріне жазады.

Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады,

Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі.

Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.



Аяғы

(5 мин.)



Кері байланыс.

Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау



Тақырып бойынша үй тапсырмасын беру: §1. 1№6

Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет