Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет100/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Мысық, Әтеш және Түлкі. (1-тоқсан, 2-тарау) 31-сабақ

Дағды

Оқылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Лексикалық минимум

Достық, құтқару, шыдамсыз, себебі, бұршақ

Алдыңғы білім

Қайырымды қойшы

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

С.кезең

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім бірнеше сұрақтар қояды.
«Сөйлесейік» айдары бойынша мұғалім оқушылармен сұрақ қою арқылы сөйлеседі.

  1. Достық дегеніміз не?

  2. Сен досыңа қандай жақсылық жасайсың?

  3. Сенің досың кім?

  4. Сенің досың қандай?

Оқушылар өз достары туралы пікір алмасады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды. Достық, дос туралы қысқаша түсінік береді.

3 мин

Мұғалім-сынып

Достардың суреті




Оқушылар «Оқиық» айдарында суреттерге мұқият қарап, суреттен не көріп тұрғанын айтады. Ертегі оқиғасын болжап көреді.













«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттерге мұқият қарайды, суретте не көріп тұрғаны туралы баяндайды. Бұл ретте мұғалім өзі оқушыларға қолдау көрсетіп, жетелеуіне болады. Болжам жасаудан бұрын оқушыларға «Суреттен нені немесе кімдерді көріп тұрсыңдар немесе ондағы кейіпкерлер не істеп жатыр?» – деген сауалдарды қойып, оқушылардың бұрыннан білетін сөздік қорларын, грамматикалық білімдерін іске қосады. Одан әрі оқушылар сурет бойынша ертегі мазмұнын болжайды. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар өзара топта ақылдасып, әр топ өз болжамдарын айтады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды. Сынып
оқушыларымен бірге бағалайды.

7 мин




Оқулық

Негізгі бөлім

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар ертегіні шолып оқиды. Жалпы не түсіне алғандарымен бөліседі (мұғалім ертегіні өзі оқып беруіне де болады, оқушылар тыңдайды. Мұғалімнен кейін бір оқушы ертегіні оқиды. Әр топтан ертегіні рөлге бөліп оқиды. тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға, ертегінің мазмұнын меңгеруге бағытталған). Оқылымнан кейінгі тапсырмада мұғалім оқушыларға нақты мәліметті тауып оқуды тапсырып, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.

  1. Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  2. Ертегі не туралы?

  3. Ертегіде кімдер дос болыпты?

  4. Әтеш қандай уәде береді?

  5. Түлкі әтешті қалай алдайды?

  6. Әтеш неден көмек сұрайды?

  7. Ертегі қалай аяқталады?

10 мин

Жеке

Сұрақтар
жазылған түрлі түсті қима қағаздар

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес тест сұрақтарына жауап береді. Тест сұрақтарына бірнеше жауаптар нұсқасы берілген. Оқушылар осы нұсқалардың ішінен бір дұрыс нұсқаны белгілейді. Тапсырма ауызша орындалады. Әр оқушыға тест тапсырмасы жазылған парақшалар үлестіріледі. Оқушылар сан және әріпті белгілеу арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бір-бірінің тест парақшаларымен ауысып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Барлық оқушы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп болған соң, мұғалім дұрыс нұсқаны оқиды,
оқушылар тексереді.

10 мин









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет