Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет166/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Қайда сауда жасадың? (2-тоқсан 4-тарау). 61-сабақ

Дағды

Айтылым, тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
4.2.3.1 * Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын
келтіріп сөйлеу

Лексикалық минимум

Тауар, бұйым, сауда орны

Алдыңғы білім

Киім дүкенінде

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

Мұғалім сабаққа әртүрлі заттарды алып келеді. Мәселен, ыдыс жуғыш ұнтақтар, кір сабын, моншақ, сыпырғыш, алма, қалам, малақай, фотоальбом әкеліп, олардың қандай дүкендерде сатылатыны туралы оқушылармен бірлесіп талқылайды. Оқушылар нақты сауда орындарының айырмашылықтарын және атауларын ажырата білу үшін ол жерлердің суреттерін сынып қабырғасына іліп қойып, аталған заттарды санаттарға жіктеп, кейін олардың қай сауда орнына тиесілі екенін тапқызып, орындарын белгілетеді. Бұл кіріспе сабақтың ұйымдастырылуы болып келеді.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім

Оқушылардың назарын мұғалім оқулықтың алғашқы тапсырмасына аударады («Ойланайық» айдары). Оқушылар қоршауда берілген сөздерді оқып, оларға тиісті суреттерді анықтайды. Бұл тапсырма екі басқыштан тұрады. Алдымен оқушылар сауда орындарын ажыратып, атауымен танысса, келесі басқышында тапсырма оқушылардың жеке басына қатысты икемделеді. Оқушылар өздерінің тізімі бойынша заттардың қайдан алынғанын сөз етеді. Бұл тұста алдыңғы білім кәдеге жарап, оқушылар айтылым барысында шығыс септігін қолданып сөйлейді. Сонай-ақ, мұғалім тапсырманы тереңдету турасында ойланса, сол тізімге алынған заттардың құны қанша екенін анықтату арқылы өмірмен байланысты орнатуға болады.

5 мин

топпен жұмыс

Суреттер
Оқулық

«Ойнайық» тапсырмасы арқылы оқушылар ойын үлгісінде айтылымға қатысады. Оқушылар өздерінің саны 10-ға дейінгі карталарына (ондағы заттарға қарап) қарап, үлгі бойынша сөйлеседі.
Осы тапсырманы орындау барысында айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту мақсаты жүзеге асырылады.

10-12 мин

Мұғалім-сынып

Кесте
аудиодиск суреттер

«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар соңғы үш айда не сатып алғанын айтады, суретін салады, салған суреттерін пайдаланып, рөлдік ойынға қатысады










«Сөйлесейік» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар бір-бірімен

5 мин

Мұғалім-сынып




қарым-қатынасқа түсіп, тілдің дұрыс қолданылуы тұрғысында біраз

Оқулық

ойланатын болады. Осы жұмыс барысында жұптарды анықтау,

кесте

олардың тапсырманы сәтті орындауын бағалау сынды критерийлерін




даярлау мұғалім үшін өте маңызды. Сынып алдында диалогке түсу




үшін оқушылар оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алады.







«Ойланайық» тапсырмасы. Оқулықта ұсынылған келесі 4-тапсырма өте салмақты тапсырма болып келеді. Бұл тапсырманы орындау үшін, шынында, нақты шаблон берген дұрыс болады және бұл тапсырма сыныптың қабілетіне қарай дағды тұрғысынан өзгере алады. Егер, оқушылар, бірден ауызша орындаудан қиналатынын білсеңіз, жазылым тапсырмасы ретінде ұйымдастырған жөн болады. Бұл орайда оқушыны жазуға дайындау, қажет құралдарды тиімді қолдану үлгілері мейлінше молынан берілуі тиіс.
Осы тапсырманы орындау барысында берілген тірек сөздер мен

10 мин

жеке жұмыс

Оқулық дәптер кесте

жоспардың негізінде қысқа монолог құру мақсаты жүзеге асырылады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім оқушылардың бүгінгі алған

3 мин

Сынып-мұғалім

Оқулық

білімдерін пысықтап, қорытады. Әсіресе, соңғы тапсырманың

дәптер

нәтижесі төңірегінде айрықша талқылау оздырып, келешекте




ескеретін қателіктер төңірегінде ескерту, ұсыныстар айтылады. Кері




байланыс кезінде мұғалім оқушылардың іс әрекеті негізінде өз еңбегін




бағалайды. Өзінің алдыңғы іс-әрекетін жоспарлайды. Оқушылардың




жетістіктерін айтып, бағалайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет