Сабақтың тақырыбы
|
Қауіпті мекен. (3-тоқсан, 5-тарау). 80-сабақ
|
Дағды
|
Айтылым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (Неліктен? Не үшін?) құрастыру және оған
жауап беру
|
Лексикалық минимум
|
Қауіпті, жанартау, жылан, көне тайпа, құпия
|
Алдыңғы білім
|
Дауылдан қорықтым
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүнеитану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
«Ойланайық» айдарының тапсырмасында мұғалім оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе ретінде аралдың суреттерін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды: «Қалай ойлайсыңдар, бұл не? Аралда не бар деп ойлайсыңдар, тізімін жасаңдар», – деп тапсырма береді. Оқушылар ойланып, аралда бар нәрселердің тізімін жасайды. Сондай-ақ оқушылар Аралда қандай жабайы жануарлар болуы мүмкін екенін де айтып шығады.
Мұғалім тізімді қарап тексереді, толықтырады.
Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жыланның, жанартаудың, тайпаның, орманды алқаптың суреттері көрсетіледі. Мұғалім оқушылардан суреттерді сөздермен сәйкестендіруін сұрайды. Оқушылар білгендерінше сөздерді суреттермен сәйкестендіреді. Жаңа
сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Жаңа сөзді меңгертуге
қажетті суреттер
|
Негізгі бөлім
|
«Оқиық» айдарындағы тапсырманы орындау мақсатында оқушылардың назары оқулықтағы аралдар туралы мәтіндерге аударылады. Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қауіпті/қауіпсіз аралдарды анықтайды. Тапсырма топта орындалады. Топтар өз беттерінше оқулықтағы мәтіндерді оқиды. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған және оқушылардың қызығушылығын тудырады.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну мақсатын жүзеге асырады.
|
8 мин
|
Топтық жұмыс
|
Сурет
|
Достарыңызбен бөлісу: |