Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«Оқиық және жауап берейік»



бет212/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сөйлемдерді оқып, қай мәтінге тиісті екенін
анықтайды.
Қай мәтінге тиісті екенін айт.

  1. Жабайы табиғат сақталған.

  2. Мұнда жанартау бар деп ойлайды.

  3. Ол жер айрықша қорғалады.

  4. 150-ден астам балық түрін көресіз.

Келесі тапсырмада оқушылар сөздік қорын молайту мақсатында берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырады. Әр топқа әртүрлі сөздер
беріледі. Саралау тапсырмасы ретінде білім деңгейі жоғары оқушыларға сөйлемдер құруға тапсырма беруге болады. Мұғалім оқушыларды
тыңдайды, кері байланыс орнатады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Сөйлесейік» айдарында оқушылар үлгіні басшылыққа ала отырып Не қауіпті?/Не қауіпсіз? екендігі жайлы сөйлеседі. Оқушылар өз ойларымен бөліседі, ойларын дәлелдейді. Осы тапсырманы орындауда оқушылармен «Пікірлер сызығы» ойынын өткізуге болады. Ортаға қызыл лента қойылады. Оқушылар лентаның екі жағына бөлініп тұрады. Олар екі топқа бөлініп, өз ойларын айтады: Не үшін келіседі? Немесе келіспейді?

10 мин

Жұптық жұмыс

Не қауіпті/ Не қауіпсіз? Қызыл таспа




Сабақты қорыту мақсатында оқушылар бір минут ішінде бүгінгі танысқан ақпарат жайлы айтып береді. Тапсырманы жүзеге асыру үшін
«Бір минут» әдісін пайдалануға болады.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Мұғалім сабақ соңында оқушының өзін қалай бағалауын байқау мақсатында кеменің суретін таратып береді.

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, кемеңді жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, кемеңді сары түске боя.

Егер сен сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, кемеңді қызыл түске боя.

5 мин

Жеке жұмыс

«Білім кемесі»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет