|
«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады. Мысалы:
«Океанариум» дегеніміз не?
Қазақстанда океанариум қашан және қай қалада ашылды?
Бұл океанариум не себепті рекордтар кітабына жазылды?
«Думан» океанариумына қанша тонна мұхит құмын әкелген?
Бұл жасанды океанариумға қанша литр су керек болды?
Океанаримда қанша теңіз жануары бар?
Тапсырманы орындау арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергендерін білуге болады. Топтар сұрақтарды бөліп алып, бір-біріне қояды, келесі топтағы оқушылар жылдам сұраққа жауап берулері керек. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау барысында белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу мақсаты жүзеге асырылады.
«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
10 мин
|
Топтық жұмыс
|
Сұрақтар жазылған парақтар
|