Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет258/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Құстар мен жәндіктер. (3-тоқсан, 6-тарау). 98-сабақ

Дағды

Тыңдалым мен оқылым

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тындаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

Лексикалық минимум

бозторғай, немқұрайды, шөлден, тарғыл, арамшөп

Алдыңғы білім

Каспий теңізі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Мұғалім сабақты бастамас бұрын өзінің үйден алып келген ойыншық жәндіктер мен құстарды ұстап тұрып, сабақ тақырыбын хабарлайды. Осы сабақ көлемінде таныс болатын құс не жәндік атауларын оқушыларға үйретіп, қайталап айтқызып, жаңа сабақтың тақырыбына оқушыларды енгізеді. Егер мұғалім үшін ойыншықтарды табу қиынға соғып жатса, олардың суретін, қолдан жасаған макетін сабаққа алып келуіне болады. Оқушылар үшін заттарды көзбен көрсету, ұстап
көрсету қызықтырақ және тиімдірек болады.

3 мин

Мұғалім-сынып







«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген суреттерге қарай отырып жәндіктер мен құстардың пайдасы мен зияны туралы өз білгендері бойынша әңгімелеп береді. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының ойлау қабілеті, айтылым дағдысы дамиды, оқушы түйсігіне ерік береді. Әр топ өз беттерінше баяндайды. Жауап беруде мұғалімнің жетекші сұрақтарын басшылыққа алады. Оқушылар өзара пікір не мәлімет алмасып, бірінің білімін бірі толықтыратын болады. (4.2.3.1 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу оқу мақсаты қосымша жүзеге
асады).

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

«Ойланайық» тапсырмасы оқушылардың ойлануына бағытталған. Оқушылар өлеңмен ұсынылған жұмбақты оқып, жоғарыда берілген суреттердің ішінен таңдау жасау арқылы өз жауаптарын айтады. Бұл тапсырма да оқушыны алдағы оқылым тапсырмасын оңай орындауына
апаратын басқыш болып табылады.

5 мин

Жеке

Оқулық






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет