Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет273/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Ойланайық» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркесін жасау және сөйлем құрау жұмысына мұғалім оқушыларды жұмылдырады. Оқушылар сөздерді тірек сөзбен байланыстыра айту арқылы сөз тіркесін және сөйлем құрап үйренеді. Оқушылар алдымен құрылған сөйлемді
жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.

5 мин

Жеке жұмыс Жұптық жұмы

Оқулық

«Жазайық» – оқулықта ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Аталмыш тапсырма оқушылар оқулықта берілген кейіпкерлердің атынан шағын мәтін құрастырып жазады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында оқулықта берілген мәліметті үшінші жақта жаздыруға болады. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін бірін-бірі тексеріп, кейін өз
жұмыстарын жетілдіріп, өңдеу шаралары жүргізіледі.

7 мин

Жеке және топттық жұмыс

Оқулық

Қор. бөлім

Оқушыларға бұлттың суреті бар карточка үлестіріледі. Мұғалім бұлт суретін алып: «Бүгінгі жаңа сөздерді жазайық!» деген тапсырма береді. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақытын қалдырып, оқушылардан өткен сабақ туралы кері байланысты «Раунд-робин» стратегиясы арқылы жазып не
айтып жауап бере алады.

3 мин

Сынып- мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру

  2. Өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша\ жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Тақырыпқа қатысты сұрақ құрастыра алады.

  • Оқиғаның қашан болғанын түсіндіре алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпаратты алдым?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет