Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет315/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Заманауи көлік. (4-тоқсан, 8-тарау). 124-сабақ

Дағды

Айтылым мен жазылым, грамматика

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.4.2.1 *Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар
негізінде жазу

Тілдік міндеттер

Салыстырмалы шырай категориясы

Жаңа сөздер

Заманауи, сапалы, қуатталады

Алдыңғы білім

Менің қиялымдағы мектеп

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Мұғалім сабақты көлік туралы әңгімемен бастайды. Сабаққа бірнеше жаңа үлгідегі мәшинелердің суретін әкеліп, оларды ертеде шыққан көлік түрімен салыстыра сипаттайды. Әңгімеге оқушыларды да тартып, олардың үйінде қандай мәшине барын, олардың артықшылықтарын сұрақ қоя отырып айтуға жетелейді. Осы әңгіме барысында оқушылар
«заманауи» және «сапалы» сөздерімен танысады. Дер кезінде оқушылардың сөздерді дұрыс айта алуына мән беріліп, жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Одан әрі мұғалім оқушыларды оқулықпен
жұмыс істеуге бағыттайды.

2 мин

Мұғалім-сынып




Алғашқы тапсырма «Оқиық» деп аталады. Онда өзімізге таныс кейіпкерлер Азамат, Санжар, Тілеухан, Самғат, көрші ағайлар сыртта тұрып сөйлесіп тұрғандары бұлтта жазылып көрсетіледі. Сол жазудағы мәтіндерді оқушылар оқу арқылы жаңа заманауи көлік түрімен танысады. Оның ерекшеліктеріне мән беріп оқиды. Және сапасы мен қуатына да ерекше таңғалады. Заманауи көліктің пішіні мен көлеміне де мән беріледі. Осы мәтін арқылы жаңа сөздердің қолданылу үлгісімен танысады. Денсаулыққа зиян келтірмеу қауіпсіздігіне тоқталады.

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

Келесі «Ойланайық» тапсырмасында
А. Мәтіннен Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тапқызады. Оны Үлгі бойынша: Қандай? Заманауи деп дәптерлеріне және тақтада тізіп жазады.
Ә. Сөздерге берілген қосымшалардың бірін жалғап жазады. Осы тапсырманы орындату барысында мұғалім «заманауи» сөзінің өзге сипаттау сөздері сияқты (сын есім секілді) салыстыру мағынасын үстейтін қосымшаларды өзіне жалғамайтындығын жете түсіндіреді. Егер оқушылар үшін әлі де болса жаттығу жұмыстарын орындату қажеттігі белгілі болып жатса, мұғалім өз тарапынан құрастырған
тапсырмаларын оқушыларға бере алады.

5 мин

Жеке






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет