«Жаттығайық» тапсырмасында көп нүктенің орнына тиісті ырақ- ірек-рақ-рек- қосымшаларын қойдырып сөйлемді толықтырып жазу беріледі. Мысалы:
1. Бұл мәшине ыңғайлы. Мұнда берілген жұрнақ қиындыларын
магнитпен жылжымалы түрде қосымша тағы бірнеше сөздер пайдаланып, сөйлем құрастыртуға болады.
|
3 мин
|
Мұғалім - сынып
|
Оқулық
|
«Еске сақта» айдарында заманауи сөзіне бірнеше тіркестер мен сөйлемдер құрастыртып, оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын шыңдайды. Және дөңгелек сөзі – пішін мағынасында және көліктің бөлшегі мағынасында қолданылатыны ескертіліп, мұғалім тарапынан түсіндіріледі.
|
5 мин
|
Мұғалім- сынып
|
Тақта
|
«Сөйлесейік» тапсырмасында оқушылар екі суретті салыстырып сипаттап береді және оған берілген үлгіні қолданады.
Мыс: Көрші ағайдың көлігі Самғаттың көлігіне қарағанда ескілеу. Осы тұрғыда оқушылармен диалог ұйымдастыруда «Интервью» әдісін пайдалануға болады.
Оқушылар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды.
|
5 мин
|
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
|
Оқулық
|
|
«Жазайық» тапсырмасында:
А. Көліктерді сипаттауға қатысты тағы қандай сөздерді қолданар едің? Көлікке жазылған сөздерді пайдаланып, сөйле және
Ә. Үлгіге қарап, екі көлікті салыстырып жаз.
Үлгі: Көрші ағайдың көлігіне қарағанда Самғаттың көлігі жылдамырақ. Бұл тұста оқушы қиялына ерік беріп:
-Сен көлікті тағы қалай безендірер едің? – деп оқушыларды не сөйлетуге, сөйлем құрауға баулуға болады.
Оқулықта ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін, бірін-бірі тексеріп, кейін өз жұмыстарын жетілдіріп, өңдеу шаралары жүргізіледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |