Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы: Жетекші оқытушы: Студент



бет4/10
Дата02.06.2024
өлшемі159,5 Kb.
#203098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курсовая работа с.есим

3. Реттік сан есімнің сөзжасамы
Жоғарыда арнайы айтып өткенімдей, сан есім сөз табының сөзжасамына аналитикалық тәсілмен бірге синтетикалық тәсіл де қатысты. Бұл сөз табының синтетикалық сөзжасам жүйесі есептік сан есімнен реттік сан есім жасайтын –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары арқылы көрінеді. Демек, дара және күрделі есептік сан есімдердің қай-қайсысынан болмасын реттік сан есім осы жұрнақтардың негізінде жасалады. Жақып тоғызыншы класты бітірді. Ақбалым сегізінші класта еді (Ғ.Мұстафин). Осындағы сегізінші және тоғызыншы түріндегі реттік сан есімдердің жасалуына дара сандар негіз болса, бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы деген реттік сан есімнің жасалуына күрделі сан негіз болған. Көріп отырғанымыздай, бұл реттік сан есімдердің барлығының да жасалуына -ыншы, -ншы жұрнағының қосылуы себеп. Бұл қосымша сан есімнің жұрнағы ретінде көне замандардан бері белгілі. Көне түркі жазба ескерткіштер тілінде реттік сан есімнің үш түрлі қосымшамен жасалғандығын академик А.Н.Кононовтың еңбегінен кездестіруге болады: 1. –нч (токузунч); 2. –нті (екінті – екінші деген мағынада); 3. –кі (ілкі – бірінші деген мағынада). Осы секілді –нті, -нч, -ынч, -інч жұрнақтарының қатысымен реттік сан есімдердің жасалғандығы туралы пікір ғалым Ғ.Айдаровта да кездеседі [10,13]. Бүгінгі кездегі нормаланған қазақ тілінде бұл жұрнақтар –ыншы, -інші, -ншы, -нші түрінде ғана белгілі. Реттік сан есімге тән осындай жұрнақ өзге де түркі тілдерінде өнімді, актив қосымша ретінде сақталған. Ал біздің қазіргі тілімізде А.Н.Кононовтың көрсетуіндегі соңғы екі жұрнақ реттік сан есім ретінде қызмет атқармайды, қолданыстан шыққан. Алайда ілкі сөзі қазіргі тілімізде алғашқы, бастапқы деген мағыналарды білдіруде әлі де қолданылады. Бұған керісінше алғашқы, әдепкі, бастапқы деген сөздердің бірінші деген мағынада жұмсалуы да жоқ емес. Мұнан осы сөздердегі (ілкі және бастапқы т.б.) –қы, -кі қосымшаларының қандай да бір байланысы байқалатындай.
Сонымен, реттік сан есімдер заттың белгілі бір нақтылы сан-мөлшерін білдіру үшін емес, сандық ретін, тәртібін білдіру үшін жұмсалады: Екінші, үшінші этаждарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған тесіктер бар (М.Әуезов). Төртінші рет бала мүлдем жақын келді (Х.Есенжанов). Кешікпей-ақ жүз жиырмасыншы шахтаға барып кірдік (С.Ерубаев). Өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылмен салыстырғанда отыз алтиы есе өсті, соның ішінде өндіріс құрал-жабдықтарын шығару сексен үш есе, ал машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің өнімі екі жүз қырық есе өсті (С.Ерубаев).
Осының алғашқы сөйлеміндегі екінші, үшінші деген реттік сандар, байқағанымыздай, этаждың ұзын санын емес, қатары мен ретін білдіру қызметінде. Сол сияқты жүз жиырмсыншы деген реттік сан да шахтаның рет санын, ал 1913 жыл дегендегі реттік сан жылдың жылжу ретін білдіріп тұр.
Заттың рет саны мен қатар санын білдіруі жағынан реттік сан есімдер зат есімдермен тіркескенде, үнемі тіркестің бірінші сыңары ретінде тұрады. Осы жағынан реттік сан есімдер аздап сын есімге ұқсас, өйткені мұнда тіркесуінен өзге ол заттың белгісін де білдіреді. Мысалы, реттік сан есім деген сан есімнің арнайы семантикалық тобы көршілес орыс тілінде мүлдем жоқ. Себебі олардағы реттік сан есім қатарынан танылады, алайда қазіргі уақытта мұндайларды сан есім есебінде қарау керек деген пікірлер де пайда болуда [11,39].Тілімізде реттік сандардың контексте жұмсалуына қарай сындық мәнде кездесетін тұстары да жоқ емес: Райхан – институттағы бірінші студент. Мұндағы бірінші реттік сан есімнің жақсы студент, алдыңғы студент, үздік студент, үлгілі студент деген тәрізді мәнде тұрғандығы еш күмән туғызбаса керек. Алайда реттік сан есімнің осындай мағынада жұмсалуы – оның негізгі мағынасы емес, контекстік мағынасы ғана.Негізінен, реттік сан есімдердің негізгі мағынасы қандай да бір заттың нақтылы реті мен қатары санымен ұштасып жатады. Десек те реттік сан есімнің өзіне ғана тән мағыналық ерекшелігінің де бар екендігін айта кету керек. Оның сөзжасам жүйесінде қаралуына себеп – ондағы қосылатын үстеме мағынаның бір ерекшелігі. Мәселен, жеті қарындаш дегенде объективті өмірде белгілі бір кезең мен кеңістіктегі қарындаштың нақтылы саны белгілі болады, ал жетінші кабинетте отыр дегенде кабинеттердің ұзын саны жайлы емес, тек бір ғана (жетінші) кабинет жайлы мәлімет алуға болады. Осыдан реттік сандардағы арнайы қосымша арқылы сандық ұғымда да белгілі бір мағыналық өзгеріс байқалатыны көрінеді.
Бұл – реттік сандардың қолданылуындағы бір ғана ерекшелік болса, екінші ерекшелігі – олардың субстантивтенуі (заттануы). Сонымен, реттік сан есімдер субстантивтену арқылы өзіне заттық мағына да жамайды екен және сонысына қарай зат есімдерше түрленіп, сөйлемде солар атқаратын синтаксистік қызметті иеленеді: Бірің тапсырғанда, екіншің терезе алдында тұрыңдар (С.Мұқанов). Екіншісіне кімді ұсынасыз? (М.И.). Бұл – он бесінші (С.Мұқанов). Мен соны байқап, біріншіде бес-алты құлақ шыққан кезде, екіншісінде тары бас жара бастағанда, үшіншісінде сүттене бастағанда, төртіншісінде пісіп келе жатқанда суардым (Ғ.Мұстафин).
Жоғарыдағы мысалдардан біз реттік сан есімдердің тек заттың ғана емес, сонымен бірге жыл, ай, күн тәрізді мезгілдің де реті мен қатарын білдіретіндігін байқадық. Тағы да мысал келтіріп көрелік: Өнеркәсіптің жалпы өнімін 1965 жылы 1958 жылғыдан шамамен 80 процент, оның ішінде «А» тобы бойынша 85-88 процент, «Б» тобы бойынша 62-65 процент арттыру белгіленді (С.Мұқанов) [12,46].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет