Қазақ тілі және әдебиеті ббб курстық жұмыс Оқу пәнінің атауы: Тақырыбы: Жетекші оқытушы: Студент



бет9/10
Дата02.06.2024
өлшемі159,5 Kb.
#203098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
курсовая работа с.есим

ІІІ Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

CСан есім сөз табының қалыптасқан сөзжасамының жүйесі қазақ тілінде өте ертеде қалыптасқандығы мәлім. Кез келген сөз табының сөзжасам жүйесі белгілі бір сөзжасам жүйесінің элементтері негізінде қалыптасады. Осындай негізгі элементтер сан есім сөз табының сөзжасам жүйесіне де тән. Мәселен, мұндай элементтерге, сандық ұғымынсыз өзге ешбір сан таулары жасалмайтын болғандықтан, алдымен, сандық атаулардың өзін жатқызамыз. Сан есімнің лексико-семантикалық топтарының барлығының да жасалуына, сондай-ақ сан есім сөзжасамы арқылы жасалған күрделі есептік сандардың да барлығына осы сан атаулары негіз болады. Екіншіден, сан есімнің сөзжасамдық элементтеріне оның лексика-семантикалық топтарын ажырату үшін маңызды саналатын қосымшалары да кіреді. Мұндай қосымшалардың сан есімнің өзіне ғана қатыстылары, сондай-ақ сан есімнің лексика-семантикалық топтарын жасаушы жұрнақ қызметінде жұмсалатын басқа сөз таптарының қосымшалары және бар.


Мұндай сөзжасамдық элементтердің сан есімнің сөзжасам жүйесінде жұмсалуы белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Демек, сандық атаулар сан есімде ретсіз жасала бермейді, олардан есімнің аталған сөзжасам элементтерінің тілде қалыптасқан белгілі бір тәсілдері бойынша және әбден қолданысқа түсіп, құпталған модельдер мен сөзжасамдық типтер негізінде жасалады екен. Осы арқылы сан есім сөзжасам жүйесінің де қазақ тілінде өзіндік сөзжасамдық заңдылықтары мен жолдары және тәсілдері қалыптасқандығына көз жеткізуге болады.
Сондай-ақ басқа сөз таптарының сөзжасам жүйесінен сан есімнің сөзжасам жүйесі өзіне ғана тән ерекшеліктерімен оқшауланады. Мәселен, бұл сөз табының сөзжасам заңдылықтары бойынша сан есім сөзжасамында тек сандық атауды ғана білдіретін сөз негіз сөз қызметінде жұмсала алады. Бұл – сан есімнің басқа сөз таптарынан жасалатын жұрнақтарының жоқтығымен, яғни сан есімнің жасалуына басқа сөз табына қатысты сөздердің еш уақытта да негіз бола алмайтындығымен түсіндіріледі. Демек, сан есім сөзжасамы сан есімнің өзіне ғана қатысты. Сондай-ақ бұл сөз табы өзге сөз таптары сияқты күнде жаңа сөздермен толығып, тілге үнемі жаңа сандық атаулар қосылып отыратын сөз табы емес. Оның сөзжасамдық қызметі шектеулі, осыған орай сан есім басқа сөз таптарына ұқсамайды да. Және сан есім бұрыннан белгілі сөздерден тұрады (миллион, миллиард,триллион дегендерді есептемегенде), мұндай сөздерге көне замандардан келе жатқан сандық атаулар жатады. Жоғарыда аталған орыс тілінің ықпалымен кірген сандық атаулар тілімізге бертінде ғана енген, сол себептен оларды жүйелі құбылыс ретінде қарастыруға келмейді. Түркі халықтарының Орхон жазба ескерткіштері кезеңінің өзінде-ақ сан есімнің сөзжасам жүйесі айтарлықтай дәрежеде болғандығы белгілі. Мәлелен, бірліктердің, ондықтардың, жүздіктердің, мыңдықтың аты сол кездің өзінде белгілі болған еді. Мұнымен бірге ол тұста күрделі сан атауларының да жасалу моделі болғандығы белгілі. Осыған қарап сан атаулары мен күрделі сандардың жасалу моделдері осы күнге дәл сол күйінде жетті деуге және келмейді. Себебі бар: ол кезде ондықтардың екі атауы болды (екон – жиырма, үчон – отыз, төртон – қырық т.б.). Сол уақытта ондықтарға қатысты осы атаулардың әрқайсысының да өзіндік қолданылу орны болды, алайда қазіргі тілімізде оның біреуі ғана кездеседі. Бұрынғы күрделі сандар, сонымен бірге бірлікпен араласа қолданылатын ондықтардың аты – қазіргі біздің тілімізде қолданылып жүрген ондықтардың аты. Кейбір түркі тілдерде болмаса, таза ондық қалпында бірліксіз қолданылатын ондықтардың аты қазіргі тілімізге дейін жетпей, тарихи даму барысында қолданыстан шыққан.
Мәселен, түмен деген сан атауы қазіргі қазақ тілінде жоқ, оның ертедегі мағынасы он мың деген күрделі сан атауымен беріліп жүр. Сонымен, біраз сандық атаулар Орхон жазба ескерткіштері кезеңінен бері тілден біржола шығып қалса, енді бір қатар сандық атаулар (миллион, миллиард, триллион) жаңадан қосылған. Содан бері болған өзгеріс дара сан атауларымен бірге күрделі сандардың да моделінде бар. Мысалы, қазіргі тілімізде бірлік пен ондық аралас келген күрделі сан атаулары ондық+бірлік моделіне негізделген: он үш, жиырма бір, отыз екі, қырық төрт, алпыс тоғыз, сексен жеті т.б.
Қорыта келе, сан есім сөз табының лексико-семантикалық топтарының жасалуын неліктен сан есімнің сөзжасам жүйесіне жатқызғандығыңызға және бір түсінік беріп өтейік.
1. Сан есім сөз табының лексико-семантикалық топтарының бөлінуі сандық ұғымгың түрлеріне байланысты. Айталық, қандай да бір заттың санын дәл атау мен мөлшерін шамалап білдіру тең дей алмаймыз. Мысалы, он қой деген мен он-он бес қой дегендегі сандық ұғымдар бірдей емес. Он – нақтылы сандық атау, ол нақтылы санды білдіреді. Ал он-он бес деген нақтылы санды емес, он мен он бес шамасында деген болжал сандық ұғымды білдіреді. Осы тәрізді жеті мен жетінші де беретін ұғымдары жағынан бірдей болмайды. Жеті заттың нақты санын білдірсе, жетінші оның реті мен қатары жайлы ұғымда. Мәселен, жеті үй мен жетінші үй дегендердегі үйдің саны бірдей блып тұрған жоқ. Жеті үй дегенде үйдің жалпы саны жетеу екендігі жайлы нақты ұғым туса, жетінші үй дегенде әңгіме бір ғана үй төңірегінде өрбиді. Сол сияқты он-ондап келуде дегенде де келушілердің жалпы саны айтылмаған, онда тек сол келушілердің тобындағы жиынтық сан жайлы ғана мән бар. Ендеше сан есімнің семантикалық топтары қолданылуына қарай түрліше сандық ұғымда жұмсалады екен.
2. Сан есім сөз табының ішінде есептік сандардан өзгелері нақты саннан басқа ұғымдарды білдіретін болса да, оларға негіз болатын - есептік сандар. Демек, өзге семантикалық топтары осы есептік сандар негізінде ғана жасалады, бір сөзбен айтқанда, олар өзге семантикалық топтарына ұйытқы болады. Осыған орай сан есімнің өзге семантикалық топтарының көрсеткіші олардағы сөз тұлғасын жасаушы қосымшалардан көрінеді деген пікірлер де бар. Мәселен: бес, бесеу, бестеген, бесінші, бестеп, бес-бестен т.б. Осындағы кейінгі алты сандық атауға алғашқы бес деген есептік сан атауы негіз болған. Алайда сол бір ғана бес деген нақтылы сан атауынан әрқайсысы өзіндік мәнімен ерекшеленетін түрлі сандық ұғымдар жасалып тұр. Сондай-ақ бұларды үйдің, үйге, үйді, үйде, үйден деген бір лексикалық мағынадағы сөздің түрлі тұлғада қолданылуымен салыстыруға және келмейді. Өйткені мұнда бір сөздің түрлі тұлғада тұруына қарай түрлі ұғымда жұмсалуын емес, бір лексикалық мағыналы сөздің түрлі грамматикалық қолданыстағы түрліше тұлғалануын ғана көреміз. Ендеше есептік сан есімнің өзінен басқа түрлі семантикалық топтарының жасалуына тірек болуын оның жай ғана грамматикалық түрленуі ретінде тануға негіз жоқ. Есептік сан есімнің тұлғалануы түрлі туынды сөздердің жасалуына себеп болады да, сан есімнің лексико-семантикалық топтары жасалады. Бұл лексико-семантикалық топтар арасында қандай да бір мағыналық байланыстың әлсіз көрінуін заңды құбылыс ретінде таныған жөн. Себебі сөзжасам заңдылығы бойынша, түбірлес сөздердің қай-қайсысының арасында болмасын мағына байланыстылығының болуы заңды деп саналады.
3. Басқа сөз таптарында да сан есімнің лексико-семантикалық топтары тәрізді мағыналық топтары (есімдік, етістік, үстеу) бар. Сондай сөз таптарының кез келгенінің мағыналық топтарының жіктелуі міндетті түрде олардың лексикалық мағынасына қатысты болады. Сонымен, түйіндей келгенде, айтарымыз – сан есімнің мағыналық топтарының жасалуы да сөзжасамға жатады және оның мағыналық топтары – сөзжасамдық элементтер.Сондай-ақ сан есім сөзжасамы – тілде өте ерте қалыптасқан, өзіндік ерекшеліктері көп жүйелі құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет