4. Жинақтық сан есімнің сөзжасамы
Сан есімнің есептік деген мағыналық түрінен басқа топтарының жасалуына негіз болатын арнайы қосымшалары болатыны белгілі. Сондай-ақ сан есімде сөзжасамында жинақтық сан есімдерді де жасаушы жұрнақтар бар. Олар – (-ау, -еу) жұрнақтары. Алайда бұл қосымша бірден жетіге дейінгі сандарға ғана қосылып, солардың жиынтық санын көрсету мәніне ие. Осыдан байқалғандай жинақтық сан есімнің ұзын саны – жетеу. Бұл жұрнақ жалғанғанда, сандық ұғым сол қалпынша қалады да, оның мәні абстракцияланады, сондай-ақ заттық ұғым жамайды: Біреу де болса жетеді. Бес жыл өткен сол тойға енді өкініп жатыр екеуі. Үшеуі оңаша отыр. Ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал. Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға қайтар. Екеуі тракторға қалсын. Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма? (Ғ.Мұстафин).
Осы күнгі түркі тілдерінің көбінде (татар, башқұрт, қарақалпақ т.б.) жинақтық сан есімнің жұрнақтары ретінде -ау, -еу, -у түрліше дыбыстық вариантта қолданылады. Өзге түркі тілдерінде бұл қосымшаның мынадай да дбыстық варианттары бар: -ав, -ов, -ев, -гу, -игу, -оо, -өө т.б. Алайда бұлардың түп негізі сол жинақтау мәнінде жатыр, одан еш уақытта да ауытқып кетпейді.
Сонымен, түркі тілінен бері келе жатқан сан есімнің семантикалық тобына жинақтық сан есім де жатады. Бұл туралы академик А.Н.Кононов былай деген: «Жинақтық сан есім – заттанған сан есімдер, есептік сандардан жинақтық – көптік көрсеткіштер арқылы жасалады: 1) –гун, -ғун/-г/-ғ қосымшасы ескерткіште бір мысалда ғана кездеседі: учагун/үшеуі/. «Құдатқу білікте» (ХІ ғ.) бұл форма анықтаушылық қызметте қолданылады. Әрі қарай бұл қосымшаның фонетикалық дамуы мына жолмен өткен: -ғун, -гу, -ві, -в, -у, -ү. –н қосымшасы –ғун қосымшасының құрамындағы жинақтық, көптік мағыналы көрсеткіш, ескерткіште жалғыз екін ара (екеуінің арасында) деген мысалда ғана кездеседі» [13,19].Орхон жазба ескерткіштері тілінде жинақтық сан есімнің бар екенін және оның жасалу жолын көрсеткен қазақ зерттеушісі Ғ.Айдаров мынадай пікір айтады: «Жинақтық сан есім заттардың жиынтығын білдіріп, -агу, -егу: үчегу жұрнағы арқылы жасалады» [8,64].Жинақтық сан есімдердің қанша санға тарауына байланысты оның түркі тілдеріндегі және бір ерекшелігі келіп шығады. Түркі тілдес халықтар тілінің көпшілігінде жинақтық сандардың ұзын саны жетіге дейін жетсе, ал енді кейбірінде (татар, башқұрт, құмық) олардың саны онға дейін барады. Мұнан жинақтық сандардың түркі тілдеріндегі саны онға дейін жетеді деген тоқтамға келуге болады, яғни олардағы жинақтық сандардың жасалуына бірден онға дейінгі сандар негіз болады екен. Бұл тілдік құбылыс көне замандардан басталып, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатыр.Өзі жасалған есептік саннан жинақтық санның айырмасы – сол: олар зат есімнен бұрын тұрып, олармен анықтаушы сөз ретінде тіркеспейді. Мұндай ортақ қасиет басқа да түркі тілдеріне қатысты. Жинақтық сан есімдер заттық ұғымды білдірмейді, олар тек оның мағынасымен ғана байланысады, сондықтан бұл топтағы сан есімдер зат есімдермен тіркеспейді. Бұл – жинақтық сан есімнің зат есімдерше (тәуелдік, септік тұлғаларында) түрленуінен де байқалады. Сонысына қарай олар сөйлем бойында түрліше грамматикалық мүше қызметінде де көріне береді: - Мектебінде ме? Парткомда ма? – Екеуінде де (Ғ.Мұстафин). Екеуі – айыпкер, біреуі тергеуші тәрізді, мерейі үстем отыр (Ғ.Мұстафин). Үшеуін бірдей жүргізіп, керегінде күшті бірінен-біріне ауыстырып отырмақ. – Мінгіз атқа екеуін де! – деп қастарындағы жігіттерге бұйрық етті (М.Әуезов). Екеуін қалпақтай түсірді де, менің дәуімді бас салып, аузын буып ала жөнелді. Жамал екеуін де түсіне қойған жоқ (Ғ.Мұстафин). Екеуімміз бірден тотиғамыз жоқ па? (Ғ.Мұстафин). Маңыздана басып үшеуі де үйге қарай беттеді (Қ.Қайсенов
Достарыңызбен бөлісу: |