Мағынаның негізділігі
Жалғамалы, қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл үлкен орын алатыны белгілі. Қазақ тілі әрі қосымшалы, әрі жалғамалы тіл болғандықтан, біздің тілімізде жүрнақ арқылы сөз жасау ең өнімді тәсілердің бірі екені айтылды. Олай болса, бұл тәсілде негіз сөз бен жұрнақ арасында сөзжасамдық қатыс болады. Осы екі бірліктің сөзжасамдық қатысында екі бірлік екі түрлі қызмет атқарады. Негіз сөз жасалатын туынды сездің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шыға-ды. Мысалы, балтала, қарала, жақсыла, тазала.
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
№6 лекция.
Тақырыбы: ТУЫНДЫ СӨЗДЕР
Жоспар
Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны
Туынды түбірлер
Күрделі сөздер
Біріккен сөз
Сөзқосым тәсілі
Қос сөз
Қысқарған сөздер
Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен арым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын, білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел, барып қайт, бүгін, биыл, білгіш, әсемпаз т.б. Келтірілген мысалдардың бәрі туынды сөздерге жатады. Мұндағы толқын (толқы+н), білім (біл+ім), сұрақ (сұра+қ), бозар (боз+ар), көгер (көк+ер), білгіш (біл+гіш), әсемпаз (әсем+паз) деген туындылар негіз сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Ал алып кел, барып кайт, бүгін, биыл деген туындылар екі толық мағыналы сөздің бір мағынаны білдіріп, бір сөзге айналуы арқылы жасалған.
Туынды сөздер - тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысандарының бірі, өйткені туынды сөздер-сөзжасам заңдылықгары бойынша, сөзжасам бірліктері арқылы өмірде пайда болған жаңа заттар мен жаңа құбылыстарды атау үшін жасалып, тілдің сөздік қорына қосылған сөздер.
Туынды сөздер тілде өте көп, өйткені олар әр заманның қажетіне қарай тілге үнемі үздіксіз қосылып отырған, сондықтан туынды сөздер тілдегі ең көп сөздерге жатады.
Казақ тіл білімінде түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің жігі ажыратылмай, кейде олар бірінің орнына бірі қолданылуы кездесе береді. Сондықтан оқулықта бұл терминдердің қандай мағынада қолданылғанына түсінік беру қажет.
Түбір сөз лексикалық бірліктің грамматикалық тұлғаларға түрленбей тұрғандағы сөздіктерде берілетін түрі. Мысалы, он, жақсы, отыр, сыбызғышы, жылыжай, жолқиыс, әсемпаз, талапкер т.б. Бұлардың әрқайсысы да - тілде белгілі мағынаны білдіретін сөздер. Осылардың қалай жасалғанына, құрамдарының түрлілігіне қарамастан, бәрі де түбір сөздерге жатады.
Түбір сөз деп лексикалық мағына беретін, сөздікте белгілі орны бар, белгілі бір сөз табына жататын сөздер аталады.
Түбір сөздер екі үлкен топқа бөлінеді, олар: негізгі түбір және туынды түбір. Негізгі түбір сөз бір морфемадан ғана тұрады, әрі қарай бөлшектеуге келмейді, тұтас тұрып лексикалық мағына береді. Мысалы, ол, ел, ата, ана т.б.
Туынды сөздер ең кемі екі морфемадан қүралып, сөзжасам әрекетінің нәтижесінде жасалған, белгілі лексикалық мағынасы бар сөздер. Тілде сөзжасамдык тәсілдер түрлі болғандықган, олардың нәтижесінде жасалған туынды сөздер де түрліше. Мысалы, қаламгер, сөзшең, өтірікші, білімпаз деген туындылар мен жолсерік, қолкесер, көміркышкьлы, ұзынсонар деген туындылар бір емес. Сол сияқгы АлМУ, екпін, тасымал, ҚР деген сөздерде де айырма бар, бірақ осы сөздердің бәрі туынды сөздерге жатады, өйткені олардың бәрі-сөзжасам үрдісінің нәтижесінде, түрлі сөзжасамдық бірліктер мен түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған сөздер. Сонда туынды сөздерге сөзжасам үрдісінің нәтижесінде жасалған сөздер ғана жататыны көрінді. Олай болса, туынды сөз тек сөзжасамға қатысты, сөзжасамның мәселесінің бірі. Ал негізгі тубір сөздер сөзжасам нәтижесінде жасалмаған.
Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.
Туынды сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалык тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден тұрады.
Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аяддама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақга, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.
Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға т.б. Бұл сөздердің күнделік өмірде колданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер құрайды.
Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақган тұратын сөздер аталады, Мысалы, үгітші, каламгер, әсемпаз, сәнқой, бәлеқор, ботақан, кұлыншақ, құнажын, бөлім, бөлме, ақта, майла т.б. Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туьінды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әркайсысын өз мәнінде қолдану керек.
Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады. Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, біт-ім, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты ақта дегенге ақ, көйлекшең дегенге көйлек, бітім дегенге біт, сырлас дегенге сыр сөзі негіз болған. Сондықтан өнерлі, ақта, көйлекшең, бітім, сырлас деген туынды түбірлердің мағынасы оларға негіз болған өнер, ак, көйлек, біт, сыр деген негіз сөздердің мағынасымен байланысты.
Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымең байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы керек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін. Мысалы, дәрігер, тәлімгер, зейнеткер дегендердің бәрі түрлі кәсіпті маманданған адамдарды бідціреді. Бүлардағы дәрі, тәлім, зейнет деген жансыз заттық үғым атауларынан маманданған адам атауы жасалды. Олар сөз табын сақтағанымен, мағыналарында үлкен өзгеріс болды. Ал жақсылық, жамандық, үлкендік деген туынды түбірлерде негіз сөздің сындык, белгі мағынасы туынды түбірде заттык, үғымға ауысты. Бірақ олардың мағынасында үлкен айырмашылық бар деу қиын. Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерде сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Мысалға келтірілген туынды түбірлердің бәрінде негіз сөздің мағынасында өзгеріс болған, ол мағыналык өзгеріс әр топта әр түрлі. Бұдан шығатын қорытынды негіз сөзбен салыстырғанда, туынды түбірдің мағынасында қандай болса да, белгілі бір өзгеріс, мағыналық түрлену болады. Сондықтан да негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы бірдей бола алмайды. Олай болса, туынды түбірдің мағынасында өзгеріс болу туынды түбірдің белгілерінің бірі болып саналады, өйткені туыңды түбірде мағыналық өзгеріс болу міндетті.
Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема - туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз кдндай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.
Туынды түбірлер тілдің қазіргі даму сатысына сай танылады. Сондықтан туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұрады. Мысалы, кедейлік<кедей+лік, қымызхана<қымыз+хана, көкте<көк+те, намысқор<намыс+қор, тапқыр<тап+қыр, тотық<тот+ық, тігін<тік+ін, үшкыш<үш+қыш, ұшақ<ұш+ақ. Келтірілген туынды түбірлердің бәрінде олардың қүрамындағы морфемалардың жігі анық көрініп тұр. Осы туыңды түбірлердің құрамындағы жұрнақтың әрқайсысы тілде бірнеше басқа туынды түбірлер жасаған. Олармен бұл туынды түбірлерді салыстыру аркылы жұрнақтың тілдің сөзжасам жүйесінде бары анықталады. Бұл жағдай тарихи тұрғыдағы туынды түбірлерге қатысты емес. Тарихи тұрғыдағы туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі жойылған. Сондықтан олар казіргі тілдің даму сатысында туынды түбір саналмайды. Мысалы, түркологтар жой-жоқ, той-тоқ, кел-кет сөздерін көне заманда туынды түбір болған сөздер деп дәлелдеген. К^зіргі тілдің даму сатысында бұл сөздер туынды түбірлер ретінде танылмайды, олар кдзір негізгі түбірлер саналады. Міне, сондықтан да туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың жігі сақталуы да олардың белгілеріне жатады.
Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Мысалы, қолөнерші, жазушы, күресші, дорбашық, буыншақ, түйін, болжам деген туыңды түбірлер зат есімге жатады. Өркениетті, білікті, әуесқой, өнерпаз, дүниеқор, бағалы, киімшең деген туыңды тубірлер сын есімге жатады. Ал тазала, әңгімеле, қолда, жолық, ағар, қысқар, бағала деген туынды түбірлер етістік екені белгілі.
Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебі әр сөз табының өзіне тән сөзжасамдық жұрнақтары бар. Туынды түбір қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының туынды түбірі саналады. Әр сөз табының жұрнағы туынды түбірге өзі тәуелді сөз табының мағынасын косып, сол сөз табының сөзін жасайды. Сондықган туынды түбір сөздің бәрі де белгілі бір сөз табының сөзі болып саналады. Осымен байланысты әр сөз табьшың сөзжасамы бар. Мысалы, зат есімнің сөзжасамы, сын есімнін сөзжасамы, етістіктің сөзжасамы т.б.
Қорыта келгенде туынды түбірлердің мынадай белгілері бар:
1) туынды түбір екі морфемалы сөз, олар: негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ;
2) туынды түбірдің мағынасы оның құрамындағы негіз сөз бен сөзжасамдық жүрнактың мағынасынан жасалады;
3) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағынасы байланысты болады;
4) туынды түбір сөз белгілі бір сөз табына қатысты болады. Бұл белгілерге сүйеніп, туынды түбірлерді басқа тілдік бірліктерден ажыратуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |