«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы «Бекiтемін»


Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002



бет12/45
Дата08.11.2023
өлшемі163,07 Kb.
#190447
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
УМК сөзжасам

Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  • Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1988.

  • Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.

  • Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

    7 лекция. Тақырыбы: Сөзжасамдық талдау.
    Жоспар

    1. Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер

    2. Сөзжасамдық бірліктердің сөз мағынасын жасаудағы қызметі

    3. Сөзжасамдық ұя


    Синтетикалық сөзжасам қазақ тілінің сездік қорын байытуда өте үлкен қызмет атқарады. Сон-дықтан да тілдің сездік қорында негізгі түбір сөздерден туынды түбір сөздер әлдеқайда көп.
    Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені әр сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды түбір сөз жасалғанын анық, ашық көрсетеді. Мысал бір ғанабудеген негізгі түбірден жасалған сөзжасамдық ұяда 44 туынды түбір бар.
    Сол сияқты тілдегі әр сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбір сөз тірек болып, ал оның әрқайсысынан талай туынды түбірлер жасалғаны тілдегі туынды түбір сөздердің тілдің сөздік құрамынан басым орын алатынына толық дәлел бола алады.
    Олай болса, тіліміздің сөздік қорын байытуда ерекше орын алатын туынды түбірлердің жасалуына қандай негізгі түбір сөздер өзек, тірек болғанын, негізгі түбір сөздердің туынды түбір сөз жасаудағы құнарлылығын анықтау, олардан туынды түбір сөздің өрбу жолын көрсету өте маңызды. Осы мәселенің ғылыми негізін анықтау-да сөзжасамдық ұяны зерттеу өте қажет. Сөзжа-самдық ұя бір сөздің негізінде туынды түбір сөздердің жасалуының барлық жолын, тетігін ашып береді.
    Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жылғы жарияланған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографиялық еңбектен басталады.
    Сөзжасамдық ұяға берілген анықтама сөзжасамдық ұяның құрамы қандай сөздерден құралатынын да аңғартады. Ол әр сезжасамдық ұя құрамында бір негізгі түбір сөз және одан туған туынды түбірлер болатынын көрсетті. Олай болса, әр сөзжасамдық ұяның құрамында түп негіз сөз яғни негізгі түбір сөз біреу болады да, одан өрбіген туынды түбір сөздер-бірнешеу болады. Әр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында түп негіз сөз үнемі қатысып отырады. Бір сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір сөз болса, соның бәрінің қүрамынан алғашқы түп негіз сөз міндетті түрде орын алады. Мысалы,ән, әндет, әндеткіз, әндеттір, әнқой, әнқойлык, әнсымақ, әнші, әншілік, әншіл, әншілдік деген ән негізгі түбірінен тараған сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрінің құрамында ән деген негізгі түбір бар. Бір сөзжасмдық ұядағы туынды түбір сөздердің бәрі бір негізгі түбір сөзден өрбігендіктен, олар түбірлес сөздер аталады. Бұдан түбірлес сөздер бір сөзжасамдық ұяның ғана құрамына қатысты екені анықталды. Олай болса, әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрды. Мысалы, жұрт негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяны алсақ, ол жұрттық, жұртша, жұртшылық деген 3 қана түбірлес сөзден тұрады, олардың да әрқайсысының құрамында негізгі түбір сөз бар, және осы ұядағы түбірлес сөздер алғашқы жел тубірінен тараған ұядағы түбірлес сөздерден мүлдем басқа. Бұл түбірлес туынды сөздер ұяға байлаулы екенін, әр ұяның өзінше түбірлес сөздері болатынын көрсетеді. Сөйтіп әр түп негіз сезден тараған туынды сөздер әр түрлі сөзжасамдық ұяға жататын, әр түрлі түбірлес сөздер болып табылады.
    Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бәрі бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп негіз сөзден өрбиді. Ал сөзжасамдық үядағы туынды сөз атаулының бәрі бірінен-бірі тікелей туындай бермейді. Сондық-тан сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы міндетті шарт болып саналады.
    Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған түбірлес туынды түбір сезден түратын ұяда 26 туынды түбір сөз бар, олардың бәрі түбірлес сөздерге жатады. Осы түбірлес сөздердің бір-бірінен тікелей туындауы 13 сөзжасамдық тізбек ішіне ғана қатысты. Мүны анықтап көрсету үшін, осы сөзжасамдық ұядағы тізбектерді жеке-жеке тізіп көрсету қажет:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет