Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы



бет39/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)

2.Қарсылықты

Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.

бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда

3.Себеп-салдар

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді.

өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б.

4.Кезектес

Іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.

бірде, біресе, кейде

5.Талғаулы

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады.

не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не (я) болмаса

6.Түсіндірмелі

Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады.

жалғаулығы жоқ



Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің мысалдары

түрі

мысал

Ыңғайластық

Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр. Ол бөлмесіне кірді де, тарс бүркеніп жатып қалды.

Қарсылықты

Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Менің театрға барғым келмеді, әйткенмен оның көңілін қалдырғым келмеді. Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Себеп-салдар

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

Кезектес

Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.

Талғаулы

Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Я болар жеріңді айт, я бізге килікпей тыныш жүр. Тезірек шөп ору керек, әйтпесе уақыт өтіп кетеді.

Түсіндірмелі

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты.



Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері кейде жалғаулықсыз байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет