«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары 1 – E (Отан оттан да ыстық – нақыл сөз. Авторы – Б.Момышұлы. Қазір оны мақал жатқызып жүр.)
2 – C
3 – E
4 – E
5 – D (Қалғандары – А.Құнанбайұлының 37-қарасөзіндегі нақыл сөздер)
6 – E
7 – A (Мәтелде көбіне эмоциялық мағына басым болады. Кекету, мұқату, сынау, мазақтау сияқты ойды көруге болады.)
8 –B 9 – C 10 – D
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) қара тас B) жуас кісі C) тас жүрек
D) терең ойлы E) ыстық ықылас
Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ат арылту B) Ат сату C) Ат ойнату
D) Ат салысу E) Ат ізін суытпау
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.
B) Айман оған жылы лебізін білдірді.
C) Түнгі ауа салқындай бастады.
D) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.
E) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.
Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді. A) аспан B) қанат C) құс
D) қалықтау E) анық
«Полисемия» деген не?
A) дара мағыналы B) мағынасы жоқ C) тура мағына
D) көп мағыналы E) ауыспалы мағына
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
A) Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар.
B) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.
C) Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.
D) Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.
E) Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.
«Суық хабар» - Асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр?
A) көптен күткен B) сүйініш C) қайғылы
D) қуанышты E) күтпеген
Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
A) шалғай ауыл B) ақ қар C) кең сынып
D) жазық дала E) құрғақ сөз
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қолындағы малын ермек етіп отыр.
B) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.
C) Оның әжесі көп ертегі білетін.
D) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.
E) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.
Қай сөйлемде "қара" сөзі ауыспалы мағынада қолданылған?
A) Олар қара тастан үй тұрғызды.
B) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.
C) Хат қара сиямен жазылыпты.
D) Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.
E) Ол бүгін қара костюмін киіпті.