Ескерту: Мынадай сөздерде:
а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.)
ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б.
Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б.
-Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал т.б.
Кірме сөздердегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар:
Кірме сөздерде дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып араласып келе береді. Мысалы:
араб тілі: кітап, мұғалім, құдірет т.б.
орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б.
Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрде жалғанады. Мысалы: тарих-тың, цех-тан т.б.
Рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке т.б.
Ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: рольді, ролі, рульді, рулі т.б.
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар:
1. ілгерінді ықпал 2. кейінді ықпал 3. тоғыспалы ықпа 1 ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. (1 2)
Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:
1) Сөз бен қосымша арасында: қаш-са (қашша)
2) Екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)
3) Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)
ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел)
б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады.
Терезе - лер
Терезе - ге
Терезе- ден
|
Қаз - дар
Қаз - ға
Қаз – бен
|
Ескерту: ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді.
Мал - сыз
Кір-сіз
Кім - сің
|
Кел - сін
Құлын - шақ
Тіл - ші
|
Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады.
Кітап - тар
Кітап - қа
|
Орақ - тар
Орақ - қа
|
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
(ш+с=шш)
Сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысының орнына қатаң ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Қаш-са
Аш-са
Іш-сін
|
Қашша
Ашша
Ішшін
|
Біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда б дыбысының орнына қатаң п дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Жүсіп-бек
Кеңес-бек
Қанат-бек
|
Жүсіппек
Кеңеспек
Қанатпек
|
Сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, екінші сөз ұяң б дыбысынан басталса, бұл дыбыс айтылғанда, қатаң п дыбысы болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Алып бер
Тоқ бала
|
Алып пер
Тоқ пала
|
Біріккен сөздің бірінші сыңары немесе сөз тіркесінің бірінші сыңары дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң дауыссызға бітіп, екінші сыңары қатаң к, қ дауыссыздарынан басталғанда, бұл екі дыбыс ұяң г, ғ болып естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Жиен - құл
Көз-қарас
Қара-көз
Боз-көйлек
Күз келді
Ала кел
|
Жиенғұл
Көзғарас
Қарагөз
Бозгөйлек
Күз гелді
Ала гел
|
2. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2).
Кейінді ықпалдың кездесетін орындары:
1. Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы;
2. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ)
3. Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді)
ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес)
б) қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен)
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
(қ, к, п + дауысты = ғ, г, б )
Сөз қатаң қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, к, қ, п дыбыстары өзгеріп, ұяң г, ғ, б дыбыстарына айналады.
аяқ + ы = аяғы
күрек + і = күрегі
доп + ы = добы
жақ (жаға бастады)
2. (п + -ып, -іп = уып, уіп)
Етістіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады.
шап + ып = шауып
кеп + іп = кеуіп
сеп +іп = сеуіп
жап + ып = жауып
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
(н+ғ,г = ңғ, ңг), (н+қ,к = ңқ, ңк)
Жазылуы
|
Айтылуы
|
|
|
Жан + ғали
сен + гім
жан қайғы
|
Жаңғали
сеңгім
жаң қайғы
| Сөз үнді н дыбысына аяқталып, келесі сөз немесе қосымша ғ, г, қ, к дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда н дыбысының орнына ң дыбысы естіледі. Жазуылда бұл ескерілмейді
3. (с+ш = шш), (з+с = сс), (з+ш = шш)
Сөз с, з,
Дауыссыз дыбыстарының біріңе аяқталып, қосымша Ш, С дауыссыз дыбыстарынан басталса, айтылуда с дыбысының орнына ш дыбысы, ал з дыбысының орнына с не ш дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Ас + шы
Көз + сіз
Жаз+шы
|
Ашшы
Көссіз
Жашшы
|
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі з дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда з дыбысының орнына ж дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Бозжан
Жүз жыл
Боз жорға
|
Божжан
Жүж жыл
Бож жорға
|
(н + /б,в,п/ = мб, мв, мп)
Сөз н дыбысына аяқталып, екінші сөз немесе қосымша б, в, п дыбыстарының бірінен басталса, айтылуда н дыбысының орнына м дыбысы естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Жан + пейіс
Тұрған + бек
Есен + бай
Он бес
|
Жампейіс
Тұрғамбек
Есембай
Ом бес
|
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі қ, к, п дауыссыз дыбыстарына бітіп, екінші сөз дауысты не ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарынан басталса, бірінші сөздің соңындағы қ, к, п дыбыстарының орнына, ғ, г, б дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Көк жиек
Шолақ еді
Шөп әкелді
Көк ала
|
Көг жиек
Шолағ еді
Шөб әкелді
Көг ала
|
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі мен екінші сөзінің аралығында екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады, жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Торы ала ат
Сарыарқа
Қара ешкі
Келе алмайды
|
Торалат
Сарарқа
Қарешкі
Келалмайды
|
3. ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ
Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.
(с+ж=шш) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда с мен ж дыбыстарының орнына шш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Досжан
Жанқожа
Тас жол
|
Дошшан
Жаңғожа
Ташшол
|
(н + /к,қ/ = ңғ, ңг)
Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі н дыбысына аяқталып, екінші сөзі к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда н мен к, қ дыбыстарының орнына ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді.
Жазылуы
|
Айтылуы
|
Есен келді
Жиенқұл
|
Есеңгелді
Жиеңғұл
|
ОРФОГРАФИЯ ЖӘНЕ ОРФОЭПИЯ
Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |