Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы



бет35/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)

мысалы / тыныс белгісі

Қарат-па сөз

Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз.

  1. Самат, ертең сынақ болады.

  2. Ұялма, балам, жоғары шық..

  3. Ендігі кезек сенде, қарағым.

Қыстырма сөз

Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз.

  1. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.

  2. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмай-ды.

  3. Өзі осында келген шығар, сірә?

Одағай сөз

Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз.

  1. Қап, оны кеше сұрау керек еді.

  2. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!

  3. Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?

Оқшау сөздің тыныс белгісі

  • Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

  • Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

  • Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.

  • Қыстырма-түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.

Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері

мағынасы

қыстырма сөздер

мысалы

Қуанышты, ренішті білдіреді.

бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде.

Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты.

Сенуді, мақұлдау-ды, мойындауды білдіреді.

сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында т.б.

Сізде, рас, жұмысым бар еді.

Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді.

меніңше, сіздіңше, оның пікірінше т.б.

Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты.

Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді.

сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім

Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.

Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады.

олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы т.б.

Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пунктке.

Ой тәртібін білдіреді.

біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында т.б.

Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты.

ТӨЛ СӨЗ. АВТОР СӨЗІ. ТӨЛЕУ СӨЗ.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет