Ескерту: Кемінде үш сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлемі әрбір басыңқы сөйлемімен тікелей байланыспайды.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы
Мысалы: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.
ПУНКТУАЦИЯ
Пунктуация (латын."нүкте") – 1) тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы; 2) мәтіндегі ойды бір-бірінен айырып түсінуге көмектесетін негізгі құрал; 3) тыныс белгілерін зерттейтін ережелер жиынтығы.
Тыныс белгілерінің негізгі қызметі 3 принципке негізделеді:
Грамматикалық принцип – тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою.
Мағыналық принцип – сөйлем және сөйлемдегі сөздердің мағынасын анықтау.
Интонациялық принцип – мәтінді, сөйлемді және сөзді оқығанда, дауыс ырғағының өзгеріп отыруы.
Тыныс белгілерінің қойылатын орны және атқаратын қызметі төмендегідей:
қойылатын орны
|
түрі
|
қызметі
|
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері
|
нүкте ( . )
сұрақ белгісі ( ? )
леп белгісі ( ! )
көп нүкте ( ... )
|
Даралушы қызмет атқарады.
|
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері
|
үтір ( , )
қос нүкте (:)
жақша ( )
тырнақша (" ")
сызықша ( – )
|
Ерекшелеуші қызмет атқарады.
|
Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері
|
үтір ( , )
қос нүкте ( : )
нүктелі үтір ( ; )
үтір сызықша (, – )
|
Ойдың ара жігін ажырату қызме-тін атқарады.
|
НҮКТЕ
Достарыңызбен бөлісу: |