Қазақ тілі кітабы 2022 жыл Қазақ тілінің шығу тарихы туралы


Стиль түрлеріне қатысты мысалдар



бет49/104
Дата13.11.2022
өлшемі383,24 Kb.
#157924
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104
Байланысты:
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ (1)

Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.

Ғылыми стиль

Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды.

Көркем әдебиет стилі

-Мереке құтты болсын!
-Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын!
-Саған табыс, сәттілік тілемін!
-Тілегің үшін көп рахмет!

Ауызекі сөйлеу стилі

Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.

Ресми іс-қағаздар стилі

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді.

Публицистика-лық стиль

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді.

Публицистика-лық стиль

Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.

Көркем әдебиет стилі

Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады.

Көркем әдебиет стилі

-Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді?
- Ережелерді жаттауға берді.

Ауызекі сөйлеу стилі

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

Ғылыми стиль

Түсінік
Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.
20.05.2004

Ресми іс-қағаздар стилі

Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Публицистика-лық стиль

Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді.

Ғылыми стиль



ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6

  1. Жалғаудың неше түрі бар?

A) 2 B) 3 C) 5 D) 1 E) 4

  1. Үндестік заңының неше түрі бар?

A) 2 B) 3 C) 5 D) 6 E) 4

  1. Тіл дыбыстарын не зерттейді?

A) лексика B) морфология C) фонетика D) синтаксис E) стилистика

  1. Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?

A) морфология B) лексика C) синтаксис D) фонетика E) фразеология

  1. Қайсысы синтаксисте қарастырылады?

A) екпін B) сөз табы C) мағына D) сөйлем мүшесіE) қосымша

  1. Қайсысы сөз табына жатпайды?

A) шылау B) жіктік C) үстеу D) одағай E) есімдік

  1. Қайсысының күрделі сөздің түріне қатысы жоқ?

A) туынды сөз B) біріккен сөз С) қос сөз D) тіркескен сөз E) қысқарған сөз

  1. Сөз табын табыңыз. A) еліктеу сөз B) кірме сөз C) қос сөз

D) табу сөз E) кәсіби сөз

  1. Пунктуация қай тіл білімі саласының зерттейтін тақырыбы? A) морфология B) лексика C) синтаксис D) фонетика E) фразеология





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет