«Дыбыс және әріп» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – E (Дыбыс айтылады және естіледі.)
2 – A, 3 – D
4 – C (Әліпбиде һ әрпі ф әрпінен кейін келеді. Яғни, ф, х, һ, ц)
5 – A (Дыбыс өкпеден шыққан ауаға байланысты шығады.)
6 – E
7 – B
8 – D (Жауабы: а, е, о, ұ. Себебі, қалғандары әліпбидегі қатармен берілген:
«з, й, қ, м» араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда з, и, й, к, қ, л, м болады.
«у, т, с, р» әліпбидегі қатармен теріс берілген. Яғни әліпбидегі қатары мынадай: р, с, т, у .
«ү, ф, х, һ» әліпбидегі қатармен берілген.
«і, ь, ш, ц» әліпбидегі қатармен теріс берілген және араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда ц, ч, ш, щ, ь, ы, і болады.)
9 – C (ю әрпі – қосарлы дыбыс, өйткені бұл әріп й және у (йу) деген екі дыбысты таңбалайды.)
10 – A (ф дыбысы қазақ тіліндегі кірме сөздерде ғана кездеседі.
Мысалы, орыс тілі: футбол;
араб тілі: Фәтима;)
«Дауысты дыбыс» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?
A) р, й, с B) л, о, ө C) с, ш, щ D) а, ә, е E) к, қ, ғ
Қайсысы дауысты дыбысқа негізделеді? A) буын B) тасымал C) әріп
D) екпін E) дауыссыз дыбыс
Екпін түсетін дыбысты табыңыз.
A) ш B) қ C) т D) а E) п
Әліпбидегі 12-ші дыбыс қандай дыбыс? A) езулік дауысты дыбыс D) еріндік дауысты дыбыс B) ашық дауысты дыбыс E) жуан дауысты дыбыс C) дауыссыз дыбыс
Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс? A) ө B) ы C) а D) ү E) ұ
Ашық дауыстының саны қанша? A) 6 B) 7 C) 5 D) 8 E) 4
Бірыңғай қысаң дауыстыдан тұратын сөзді табыңыз.
A) бұрылу B) кемсіту C) әшкерелеу D) құдалық E) өшіру
Еріндік дауыстыларды табыңыз. A) а, ә, е, и B) ы, і, и, э C) а, о, ы, ұ
D) е, и, у, ө E) ұ, ү, ө, о
Қай дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады? A) ү B) ы C) у D) і E) ә
Жуан дауыстылар қалай жасалады? A) Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады. B) Тілдің ұшы ілгері созылып жатуы арқылы жасалады. C) Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады. D) Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. E) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |