Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет102/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Жалаң сөздер нешеге бөлінеді ? 
2)
 
Туынды сөз деген не ? 
3)
 
Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады ? 
4)
 
Қос сөздер деп қандай сөздерді айтады ? 
5)
 
Қос сөздер өз ішінен нешеге бөлінеді ? 
6)
 
Мәндес қос сөздер қалай жасалады ? Мәндес сөздерді қосарлап 
қолданғанда, сөз мағынсы қалай өзгереді ? 


7)
 
Қайшы мәндес қос сөздер қалай жасалады ? Мағынасы қарама-қарсы 
сөздерді қосарлап қолданғанда сөз мағынасы қалай өзгереді? 
8)
 
Сыңар мәндес қос сөздер қалай жасалады? Мәнді, мәнсіз сыңарларды 
қосарлап қолданғанда, қандай мағына туындайды ? 
9)
 
Күшейткіш буынды қос сөздер қалай жасалады ? Күшейткіш 
буындарды қосарлау арқылы сөз мағынасы қалай өзгереді ? 
 
57-жаттығу.
Төмендегі қос сөздердің сыңарларын жазып, мағыналарына түсінік 
беріңдер. 
Қыз - ..., келін - ..., жігіт - ..., кемпір - ..., шал - ..., бала - ..., оқта - ..., әкірең - ..., 
қыран – ..., бірен - ..., пәлен - ..., кәкір - ..., арық - ..., абысын - ..., әуре - ..., 
жаман - ..., жүн - ..., жөн - ..., жеңіл - ..., көрші - ..., алба - ..., алай - ..., астан - ..., 
әңкі - ..., ем - ..., тоқты - ..., үйлі - ..., талан- ...,
58 - жаттығу. 
Мәтіннен қос сөздерді тауып, оларды мағыналық, тұлғалық түрлеріне 
қарай топтастырып, мағыналарына түсінік беріңдер. 
Сырым батыр елден сырғып , Хиуа хандығында жүрген кезінде, бір той 
үстінде мақтанған Хиуаның ханы Сырымды көп алдында кемсітпек болып:
-
Уа, осы қазақта ас-мас, ет-мет, жігіт-мігіт деген жалғамалы сөздер көп 
көрінеді, солардың мәнісі не?- деп сұрайды.
 
-
Сұрағыңызға тойдан кейін жуап берейін,- дейді Сырым батыр.
Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді. Жолдасы палуан күресінде жығып, 
бәйге алады.Тойдың ойын –қызығы бітіп, жұрт тарқар алдындағы дастарқан 
басында Сырым ханның манағы сұрағына былай деп жауап қайтарады: 
- Уа, хан. Бізде, қазақта , той жасағанда, жұртқа қой сойып, бас пен жамбас, 
жылқы сойып, қазы-қарта тартады. Сусынға деп сап-салқын сары қымыз 
береді. Соны
ас
дейді. Ал мынандай тас табаққа салып тартқан шөп-шалаң 
мен сусынға деп берген көк шайды 
мас 
дейді. Сәйгүлікті сынайтын жарыста 
озып келген жүйрікті
ат 
дейді. Артында қалған мәстекті 
мат 
дейді. Алқа 
топтың алдында палуанға түсіп, алып ұрған жігітті 
жігіт
дейді де, жер қауып 
жығылған немені 
мігіт
дейді. Қазақтың ас-мас, ат-мат, жігіт-мігіт деген 
сөздерінің мағынасы осы , ханеке.
Хан айтарға сөз таппай, жер шұқып қалады.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет