Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


екі сыңары (компоненті) да бірдей



Pdf көрінісі
бет98/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

екі сыңары (компоненті) да бірдей 
мағыналы қос сөздер
(мәндес қос сөздер, қарсы мәндес қос сөздер), 
бір 
сыңары (компоненті) мағыналы, бір сыңары (компоненті) мағынасыз 
қос сөздер 
(сыңар мәндес қос сөздер), 
екі сыңары (компоненті) да бірдей 
мағынасыз қос сөздер
болып бөлінеді. 
Осыған байланысты қос сөздер мағыналық және тұлғалық жағынан 
түрлі-түрлі болып келеді де, мына сияқты бес топқа жіктеледі: 
1. Мәндес қос сөздер
. Бір-біріне мағыналық жағынан жақын екі түбір сөз 
қатар қолданылады да, әрбір сыңарларының мағыналарын ішіне алатын 
жалпылық ұғым беретін үшінші бір жаңа мағыналы сөз жасалады. 
Бұл сияқты 
жалпылық мағына беретін қос сөздердің сыңарлары өзара 
мағыналық жағынан өте жақын болғандықтан м ә н д е с қ о с
с ө з д ер 
деп аталады.
Мысалы: 
салт-сана, ата-ана, ер-тоқым, құрт-құмырсқа, аяқ-табақ, 
қағаз-қарындаш, әке-шеше. 
Бұл келтірілген кос сөздердің сыңарларының жеке 
тұрғандағы беретін мағыналары бір-біріне тетелес, мәндес бола тұрса да
әрқайсысының өзіндік мағыналық дербестігі бар. 
Ер 
деген бір түсінік болса, 
тоқым деген 
— екінші түсінік. Ал 
ер-тоқым 
дегенде бір ғана 
ер 
емес және бір ғана 
тоқым 
емес, сол екеуін ішіне алатын, 
атты ерттеп міну үшін керекті құралды жалпылай атайтын үшінші бір жаңа 
мағыналы сөз жасалады. 
2. Қайшы мәндес қос сөздер

Жеке тұрғандағы мағыналары қарама-
қарсы антоним сөздер қосарланып айтылып, үшінші бір жаңа мағы-налы 
сөз жасалса, ондай қос сөздерді қ а й ш ы м ә н д е с қос сөз
дейді. 
Қайшы мәндес қос сөздердің әрбір сыңарларының мағынасы бір-біріне 
қарама-қарсы бола тұрса да, қосарланып айтылғанда, екеуінің де мағынасын 
ішіне алатын, жалпылық ұғым беретін үшінші бір жаңа сөз жасалады. 
Мысалы: 
күні-түні, үлкенді-кішілі, қызылды-жасылды, азды-көпті, ілгерілі-
кейінді, ұзынды-қысқалы.
Қайшы мәндес сөздер тұлғалық жағынан сөздердің бастапқы тұлғасында 
да, қосымшалы тұлғасында да қолданыла береді. Мысалы: 
үлкен-кіші, үлкенді-
кішілі; жуан-жіңішке, жуанды-жіңішкелі; әрі-бері, әрілі-берілі; аз-көп, азды-


көпті; ерте-кеш, ертелі-кешті; алыс-жақын, алысты-жақынды; жаман-
жақсы, жаманды-жақсылы, бір-біріне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет