Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Шартты райдың жіктік жалғау қосымшасынан соң кейде



Pdf көрінісі
бет235/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
Шартты райдың жіктік жалғау қосымшасынан соң кейде
 
–шы,- ші
 
жұрнағы 
жалғанып та айтылады. Мысалы: 
барсам-шы, келсем-ші, барсаң-шы, келсең-ші 
, барса-шы, келсе-ші
.
Бұл жұрнақтар жалғанғанда, етістікте шартты рай мағынасы негізінде
сақталады да, оған қосымша кейбір мағыналық өң, рең пайда болады. І жақта 
ІІІ жақта шарттық мағынаға қосымша етістікке өкініштік мағына пайда 
болады. Мысалы: 
Кеше кинроға мен де
барсамшы. 
Ол мұнда кеше 
келсеші.

ІІ жақтағы шартты райлы етістікте -
шы, -ші
жұрнағы жалғанғанда, 
бұйрықөтініш ұғымы пайда болады. Мысалы: 
Тезірек 
барсаңшы,
шырағым. 
Келсеңші
 енді. 
-са, -се
жұрнағы жалғанған сөздің барлығы бірдей үнемі шарттық ұғым бере 
бермейді. Мысалы:
Бұл хабарды арыстан 
естісе
керек. Әкең 
болса 
ауырып 
жатыр
деген сөйлемдер мен сөз тіркестеріндегі 
естісе, болса
деген 
етістіктерге жалғанып тұрған 
–са, -се 
сол сөздерге шарттық ұғым беріп тұрған 
жоқ. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі ұғым беріп тұр: 
естісе
деген етістік 
керек
сөзімен тіркесіп
естіген болар
деген болжалдық ұғымды білдіреді. Әкең 
болса 
деген тіркесте
болса
сөзі қимылды білдіруден гөрі күшейткіш 
–да, -де 
шылауына мағыналас, оның орнына әкең де ауырып жатыр деуге болады. 
127 – жаттығу.
Мына сөйлемдерді көшіріп,
-са, -се
 
жұрнағы жалғанған етістіктерді 
тауып, шартты райдың астын сызып, қай жақта екенін айтыңдар. 


1. Төстік елсізбен келе жатса, алдынан бір адам көрінеді. ( Қ.Е.) 2. 
Саққұлақ тыңдап көрсе, адам баспас деген жерге қонып жатқан хабар естіледі. 
(Қ. Е.) 3. Ондаған көшелерді аралап шықсақ та, қала халқынан бір адам 
кездестірген жоқпыз. (Ғ . Мүсір.) 4. Бір мезгілде мектепке тағы барсақ,оның 
тірі гүлдер қойған бөлмесінде отряд бастықтарының мәжілісі боп жатыр екен. 
(С. М. ) 5. Совет әскерлері Днепрден өте қалғандай болса, қарсы шабулға 
дайындалған неміс танк колоналарының тізбегі ыдырай бастады. (С. Б: ) 6. 
Саптағы жауынгерлер болса, полковник пен комиссардың даусын естіп қатар 
түзеп, біркелкі нық басуға тырысқан сияқты. ( Б. М-ұ. )
7. Аспазшы бір нәрсе айтса керек, желкесінен солдаттардың күлкісі естілді. 
( Т. А. ) 8.Алыстан қарасаң, қанаты зор бір алып құс па дерсің. ( Ғ. Сл..)
9. Самолеті сау болғанмен, өзі жараланған болса, қаны тамар еді, талықсыған 
болса, самалетін бүркей алмас еді. (Ә. Ә. ) 10. Тәкежан болса кешегі аға 
сұлтан Құнанбайдың баласы, «әмір – құдірет тек өзімде болсын, оны 
сынаушы да болмасын, таласып, тартып алам деуші де шықпасын. Ал енді 
қалай жесем де, ара түсуші болмасын », - дейді. (М. Ә.) 11. Біреу осы 
қуанышты таразының екі басына салып жіберсе, бәріңдікін бір менікі басып 
кетер еді. ( Ғ. М. )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет