Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет318/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

т 
і? н е ү ш і н ?
деген сұраулардың біріне жауап береді.
Себеп пысықтауыштар мынандай жолдармен жасалады: 
1. 
– дық, -дік
жұрнағы жалғанған есімшелер тәуелдік жалғауы жалғанып 
та, жалғанбай да шығыс ссептік жалғауы тұлғасында келіп себеп пысықтауыш 
болады. 1) 
Үйренбегендіктен 
шаршады, тынысы тарыла бастады ( Л. К.).) 2) 


Ол бұл сөзді мәселеге 
түсінбегендіктен 
айтып отырған жоқ 3) Бұл үйдің 
қабырғасы көп жылдардан бері 
сыланбағандықтан 
қожа-лақтанып тұр (М. 
Ә.). 

2. Есімшеге шығыс септік жалғауы тікелей жалғану арқылы да себеп 
пысықтауыш жасалады. 1) 
– Сәлеметсіз бе , қарандас, - дедім мен 
қуанғаннан 
алқынып Ә.Ә. ). 2) Майбасар 
қысылғаннан 
 лекітіп күле берді
( М.Ә.). 
3. Есімшеге себепті, соң шылаулары тіркесіп айтылып та себеп 
пысықтауыш жасалады. 1)
Олар бар мүмкіндікті дұрыс пайдалана 
білгендігі
себепті
 мұндай жетістіктерге ие болып отыр.
4. Есім сөздері мен есімшелерге 
үшін 
шылауы тіркесіп айтылу арқылы 
да себеп пысықтауыш жасалады.
1) Оған еңбек тәртібін 
бұзғандығы үшін
 
сөгіс жарияланды. 2) Қазақ сахна өнерін дамытудағы жиырма бес жылдық 
еңбегі үшін
 Парасат ордені берілді.
 
 
§125. Мөлшер пысықтауыш 
 
Етістік баяндауышты немесе етістіктен болған өзге мүшелерді сан, 
мөлшерлік жағынан айқындап, пысықтап тұратын пысықтауыштың 
түрін м ө л ш е р п ы с ы қ т а у ы ш деп атайды. 
Мөлшер пысықтауыштар қ а н ш а ? н е ш е ? қ а н ш а л ы қ ? қ а л а й ? 
деген сұрақтарға жауап береді. Мынандай жолдармен жасалады: 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет