Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет335/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

2. Қосарлы айқындауыш мүше.
Орнын ауыстырып қолданғаннан 
анықтауыштық мағынасы бұзылмайтын, анықтауыштық қызметі ғана 
алмасатын сөз тіркестерін қ о с а р л ы а й қ ы н д а у ы ш м ү ш е
дейді. 
Қосарлы айқындауыш мүшелердің екі жағы да, көбінесе, зат есім сөзінен 
болып келеді. Сондықтан бұлардың орнын алмастырса, олардың мағынасы 
бұзылмай, синтаксистік қызметі ғана алмасады, яғни анықтаушы сөз 
анықталушы сөзге айналады да, анықталушысы анықтауышқа айналады. 
Қосарлы айқындауыштың дағдылы анықтауыштан айырмасы орын талға-
майды. 
Мұғалім Асқар, ұста Болат, агроном жолдас, ұшқыш Сәлім, жазушы 
Сәбит, ақын Жамбыл деп те, 
олардың орнын алмастырып, 
Асқар мұғалім, 
Болат ұста, жолдас агроном, Сәлім ұшқыш, Сәбит жазушы, Жамбыл ақын 
деп те айтуға болады. 


Сол сияқты бірін-бірі айқындап, біріне-бірі тең мағынада ұсталатын 
телефон-автомат, магнитофон-аппарат, инженер-технолог 
деген сөздер де 
қосарлы айқындауыштардың қатарына жатады. 

177-жаттығу. 
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қосарлы айқындауыш мү-шелердің 
астын сызып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар. 
1) Трест бастығы Щербаков, механик Козлов, слесарь Лапшин дегендер өте 
іскер адам көрінеді. 
(Ғ. М.) 
2) Жолшыбай механика цехына соққан Қазыбек 
қарттың көзі қаңырап қалған залға, залдың ішінде қаңтарулы тұрған 
станоктарға түсіп еді, жаны түршігіп, түсі бұзылып кетті. 
(Ә. Ә.) 
3) Оны 
көргенде Қайырбек ақсақал тықыршып кетті. 
(Ғ. Сл.) 
4) Бұлардың сөзін Баян 
бәйбіше келіп бөлді. 
(Ә. Ә.) 
5) Ал, секретарь жолдас, не айтасың? 
(Ғ. Сл.) 
6) —
Жолдас капитан, жауынгер Құлбаев окоп қазып жатыр,— деп баяндады. 
(Т. А.) 
7) Қайырбек карт көзі кілгірген жұртты бір күлдіріп, шатыр ішіне кіріп, қалың 
киімдерді кетеріп алып шықты. 
(Ғ. Сл.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет