Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 129. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөздер



Pdf көрінісі
бет332/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 129. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөздер 
 
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер үнемі жалаң айтыла бермейді. Қейде 
сейлемде бірыңғай мүшелерді ішіне алатын жалпылауыш сөздер де айтылады. 
Жалпылауыш сөздер сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдынан да, соңынан да 
келе береді. Жалпылауыш сөздер жалаң түрде (бір сөзбен) де, күрделі түрде 
(бірнеше сөздердің тіркесімен) де айтыла береді. 
Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі болса, жалпылауыш сөз де сол 
мүше қызметінде жұмсалады. 1. Қазір бұл шаруашылық аумағы он бес гектар 
баққа 
 
жеміс ағаштарын 
— 
алма, алмұрт, шабдал, қара өрік, шие 
— 
өсіреді. 
2) 
Қазақстан шөлінде құм да, саз да, саздақ та, сары топырақ та, қиыршық 
топырақ та 
— 
бәрі де кездеседі. 
Бірінші сөйлемде жалпылауыш сөз — 
жеміс ағаштарын. 
Бұл — бірыңғай 
мүшелерден бұрын айтылып толықтауыш болып тұр. Екінші сөйлемде 
бәрі де 
деген жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін айтылып, бастауыш болып 
тұр. 
§ 130. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгісі 
1.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдында келсе, одан кейін қос 
нүкте (:) қойылады да, бірыңғай мүшелердің арасына үтір (,) қойылады. 
Қазақстанның 
ірі өзендері: 
Ертіс және оның тараулары, Күршім, Үлбе, 
Нарын, Бұқтарма, Іле, Шу, Қаратал, Асу, Сырдария және оның тараулары 


Арыс пен Шыршықтау қойнауларынан басталып дала жазықтарын жарып 
толқындап ағады. («Қаз. тар.»)
2. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан 
сызықша (—) қойылады. 1) 
Асылып жатқан ет, маздап жанған от, қою 
қымыз 
— 
бәрі 
де қонақтар көңілін көтере түскендей. (М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет