Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


VІІ м о д у л ь  169  Сан есім. Есімдік  САН ЕСІМ



Pdf көрінісі
бет173/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
VІІ м о д у л ь 


169 
Сан есім. Есімдік 
САН ЕСІМ 
 
§ 67. Сан есім туралы түсінік 
Тілдегі затпен байланысты айтылатын сөздердің бір тобы сан есім сөздері
болып келеді. Зат есім нәрсенің атауын білдірсе, сан есімдер заттың сан 
есебін, қатарын, бөлшегін, мөлшерін білдіреді. Мысалы: 1. 
Мен мына ерекше
екі 
адамға қарап отырмын. (Б. М.)
2. 
Екі
 айдан кейін мен Серёжаны
үшінші
рет кездестірдім. (Ә. С.) 
3. 
Үштен екісін 
жеткізе алса да, үлкен
қуаныш болар еді. (Ғ. Мүсір.)
4. 
Түстен кейін бұл араға саны
екі-үш жүздей 
колхозшы жиналған еді. (С. М.) 
Бұл сөйлемдердегі 
екі 
деген сөз нәрсенің дәл 
санын білдірсе, 
үшінші 
деген сөз қатар санын білдіреді. Ал 
үштен екісін 
деген 
екі сөз бір бүтін нәрсенің бөлшегін білдіреді де, 
екі-үш жүздей 
деген 
сөздердің тіркесі нәрсенің сан мөлшерін білдіріп тұр. 
 

Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын с а н е с і м
дейді.
Сан есімдер –дерексіз мағыналы сөздер, олардың мағынасы зат есіммен 
тіркескенде ғана нақтыланады
. Мысалы, бес кітап, он дәптер, жүз кісі, он бес 
үй, мың теңге, қырық шақырым, үш ғасыр
деген тіркестерде сан есімдердің 
мәнін онымен тіркескен зат есім сөздері ғана деректендіріп тұр. Осы 
сандарды зат есім тіркесінсіз, жеке алсақ, 
бес, он, жүз, он бес, мың, қырық, үш
деген түрде олар жай ғана арифметикалық таңбалар болып шығар еді.
Сан есім н е ш е ? н е ш і н ш і ? н е ш е у ? қ а н ш а ? деген сұ-
рақтардың біріне жауап береді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет