Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет181/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 100-жаттығу.
Мына сөйлемдерді көшіріп, сан есім сөздерінің астын сызыңдар. Оларға 
қандай қосымша жалғанып, сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын 
айтыңдар. 
І. Екі пункіттен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі автомобиль шық-
ты.Сағатына біреуі 90 шақырым, екіншісі 110 шақырым жүрді.10 сағаттан 
кейін автомобильдер кездесті.Екі пункіттің арасын есептеп шығарыңдар. 
ІІ. 1) Екеуміз ілгері жортып кеттік (Ғ. Сл.). 2) Мұз алаңының үстіне қалың 
қамыс төсеп, қырықтаған адам қазанды қоршай отыра қалдық (Ә. С.). 3). 
Екеуміздің көзіміз енді ғана кездесті (Ғ.Мүсір.). 4).Үш-төрт ай қызметтес 
болып, бірге жүріп сыр алысқаннан кейін екеуміз жақсы тату жолдас болдық 
(Б. М.). Екеуі жиырма-жиырма бес жыл бір отасып келе жатқан абысын болса 
да, апалы-сіңлілі кісідей тату-ақ (Ғ. М.). 6). «Тәкежанның сегіз жүз жылқысы 
үшін Жігітек жағы сол жылқының орнына екі бестіден мың алты жүз бесті 
береді»-деп кесік айтты (М. Ә.). 
101-жаттығу.
Бірінші бөлімдегі сан есімдерге тиісті тыныс белгілерін қойып, екінші 
бөлімдегі сан есімдердің цифрмен жазылғандарын сөзбен,сөзбен жазылғандарын цифрмен 
жазыңдар. 
І. 18 ге, 100 ден, 15 үй, 2 лерде, 2 курс, 20 том, ХХ том, 18 қараша, 2012 
жыл, ХІІ тарау, шілденің тоғызы 
ІІ. 35, 150, 565, 4795, 1970, он бесінші үй, жиырма бірінші пәтер, он 
бестерде, қырық жетіде, бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл, жүздеген 
адам, алпыстарда. 


175 
ЕСІМДІК 
 
§ 70. Есімдік туралы түсінік 
 
Есім сөздерінің бірқатары затпен бірге қолданылып, тікелей заттың 
атауын да, сынын да, санын да білдірмей, сол заттың атауын, сынын, санын 
білдіретін сөздердің орнына жүреді. 
Зат есім, сын есім, сан есім сөздерінің орнына жүретін сөздерді
е с і м д і к
 
дейді.
Есімдіктерді есім сөздердің орынбасары деп те санауға болады. Есімдіктер 
қайсөз табының орнына қолданылып тұрса, сол сөз табының сұрауына жауап 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет