Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет239/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
130-жаттығу

Үстеулерді тауып, олардың белгілеріне, қандай мағынада қолданылып 
тұрғанына түсінік беріңдер.
1.Ауыл арасындағы да емес, едәуір алыстан келген , менің бір мектептес 
жолдасым . Үйленгенімді естіп, әдейі ат терлетіп, құтты болсын айтуға арнайы 
келген екен. 2. Біз оған сыр бермегенімізбен, іштей қатты састық. Тағы едәуір 
кешігіп, жыларман халде үш кесе алып келді. Екеуі әнеукүні өзіміздің төлеуге 
берген кеселеріміз ( Ә. О.). 3. Кешке қайтып келсем, Аюкенім бетін жастыққа 
басып алып, солқылдап жылып жатыр ( Ә. О. ). 4. Қатал мінезді Есеней содан 
бері әйел атын ұмытқандай, малымен, билігімен ғана айналысып жүре беретін.
Амандық-саулықтан кейін өз кінасын тезірек жуып тастағысы келіп, сөз 
бастады. 
5. Шай құйып отырған қыздың он саусағы мен беті ғана көрінеді. Қыз өзі де 
сұлу, бірақ Есеней оның сұлулығын да, мінезін де, ақылдылығын да өз 
ойындағы оқ жетпес биіктен көріп отыр (Ғ. М . ). 
131-жаттығу

Мына сөйлемдерді көшіріп, үстеулердің астын сызыңдар.Олардың қай 
сөзбен байланысып ,сөйлемде қандай мүше болып тұрғандығын,мағынасын айтындар .
1.Жылдам-жылдам жазады да кенет басын көтеріп, лекторға қарап қояды.
2. Біздің жайлаудың бойында биыл ғана құрылып ,тың көтеріп жатқан 
совхоздарды айға жуық уақыт аралап , мен енді Петропавлға жүруге 
жиналдым (С.М ). 3. Лезде толқын ұрып өте шыққан сезім күші бүлк еткізіп 


227 
жүрегін де бір қозғап кетті. (Ғ.Сл) . 4. Петр қазір қойын дәптерін батпақтан 
тазалап жатыр (Ғ. Мүсір. ). 5. Оның атын бүгін осы ну орман да естіді (Ә. Ә.).
 
§ 92. Үстеулердің тұлғасына қарай бөлінуі 
 
Үстеу сөздер жасалуына және морфологиялық құрылысымен құрамына 
қарай екі түрлі болады : 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет