Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет385/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

 
206
-жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді оқып шығындар да, көп бағыныңқы сөйлемдердің 
түр-түріне қарай теріп жазыңдар. Мысалы, әуелі қарсылықты бағыныңқылы, сонан соң 
шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді т. с. с.
1) Сорайған теректер қою жапырақ төгіп, жердің көгі көтеріліп қалған. 
2) Жанқабылов кеткеннен кейін, Кузьменко көп аялдамай тысқа шықты. 3) 
Тау сағасы өте жақын болғандықтан да, өзен ағасының гүрілі естіледі. 4) 
Зылиқа баласының көз алдында жүргенін теріс көрмесе де,оның талай рет 
қатты ауырғанын есіне алады да қиналады.5) Нұржан батальон командирінің 
үйіне кіре бергенде , немістер оннан астам танкінің сүйемелдеуімен екі 
ротаның қарсысынан шабулға шықты. 6) Егіс басталғалы бірқатар күндер 
өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. 7) Елеусін жолдасының бетіне көз 
салса , іші тым томсара қалыпты. 8) Істеп жатқан сен білмегенде ,жаңа келген 
мен білемін бе? 9) Жасаураған көзімді жеңіммен сүртіп жібергенше , қара 
қасқа атты Қанапияны сойылмен сілтеп қалды. 10) Дәулеті шағын болғанмен 
,ол үй тамағын тоқ қып ұстайды. 11) Жиренше атты байлай сала , топқа қарай 
жүгіргенде , Абай көзін басып отыра кетті.12) Қасындағы қартаң кісіні Абай
өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен. 
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер
 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер үнемі екі жай сөйлемнен ғана құралып , 
бірі бағыныңқылы, бірі басыңқы бола бермейді.Кейде сабақтас сөйлемнің
құрамында бір басыңқы сөйлем ,бірнеше бағыныңқы сөйлем болып та келеді. 
Сөйтіп 
сабақтас құрмалас сөйлем кем дегенде үш не одан да көп жай 
сөйлемдерден құралып , бірі басыңқы , қалғандары бағыныңқы сөйлем 
болып келсе , ондай сөйлемді к ө п б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с
қ ұ р м а л а с 
с ө й л е м дейді. 
Бір басыңқы сөйлемге бағына байланысқан бағыныңқы сөйлемдердің 
байланысу тәсілдеріне қарай көп бағыныңқылы сабақтастар екі түрлі
болады: 1) жарыспалы сабақтас сөйлем, 2) сатылы сабақтас сөйлем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет