Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


л ы с а б а қ т а с с ө й л е м дейді



Pdf көрінісі
бет382/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

л ы с а б а қ т а с с ө й л е м дейді.
Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі н е – 
л і к т е н ? н е ү ш і н ? н е с е б е п т і ? н е д е п ? деген сұрақтардың 
біріне жауап болып келеді. 
Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы төмендегідей морфологиялық тұлғада 
айтылу арқылы себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасалады: 
1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оның 
үстіне 
-дық, -дік 
жұрнағы жалғанып барып, шығыс септік жалғауы тұлғасында 
қолданылуы арқылы себеп-салдар бағыныңқылы сабактас сөйлем жасалады. 
Мысалы: 
1) 
Күйеуі көбіне түзде 
жүргендіктен, 
үйдің бар шаруасы бұның қолынан 
өтеді. (Әб. Нұр.) 
2) 
Бүгінгі мақтаудың сүбелі жері Көпенге 
тиіп келе 
жатқандықтан, 
Балқыдан басқалары оны қостай түсті. Қ. Жұн.)
2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оған 
соң 
шылауы тіркесіп айтылу арқылы да себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем жасалады. Мысалы: 


343 
1) 
Екі бастағы үлкен терезелерден түскен жарық жетімсіз 
болған соң, 
сол люстралар күндіз де жарқырап жанып тұр. (С. Ш.) 
2) 
Кымыз желігіне 
қызып кеткендердің қызуы 
қосылған соң,
Тәуке ұрынуға қара таба алмай 
отыр. (Ғ. М.)
3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы 
-й 
және 
-ып, -іп, -п 
жұрнағы 
жалғанған көсемше болып келу арқылы да себеп-салдар бағыныңқылы 
сабақтас сейлем жасалады. Мысалы: 
1) 
Өзеннен өтетін көпір уақытында 
оңдалып бітпей, 
біз арғы бетте екі 
күн кідірдік. 
2) 
Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет