Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


а қ т а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді



Pdf көрінісі
бет384/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

а қ т а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м дейді. 
Мақсат бағыныңкы сөйлем н е м а қ с а т п е н ? н е ү ш і н? не е т-
п е к б о л ы п ? деген сұрақтардың біріне жауап беріп тұрады. 
Мақсат бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы төмендегі тұлғада айтылу 
арқылы басыңқы сөйлеммен байланысып, мақсат бағынындылы сабақтас 
құрмалас сөйлем жасалады. 
1. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
-мақ, -мек

-пақ, -пек, -бақ, -бек 
жұрнағының бірі жалғанған етістік болып келеді де, оған
болып
көмекші 


етістігі тіркесіп айтылу арқылы мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
жасалады. Мысалы: 
1) 
Аз әңгіменің артынан Оспан жұмыс басына бармақ болып, Әйгерім мен 
Ерболды ертіп үйден шығуға айналды. (М. Ә.)
2.
Бағыныққы сөйлемнің баяндауышы түйық райлы етістік болып, оған 
үшін 
шылауы тіркесіп айтылу арқылы, не болмаса тұйық райлы етістік барыс 
септік жалғауы тұлғасында қолданылу арқылы да мақсат бағыныңқылы 
сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы: 
1) 
Осы тапсырманы орындау үшін, Асқар мен Болатов сол күнгі поезбен 
жүріп кетті. (С. М.) 
2) 
Отардағы малдың күтімін өз көздерімен көруге, олар 
кеше жүріп кетті.
3. Бағыныңқы сейлемнің баяндауышы бұйрық және ашық райлы 
етістіктердің бірі болып, оған 
деп 
көмекші етістігі тіркесу арқылы да мақсат 
бағыныңқылы сабақтас сейлем жасалады. Мысалы: 
1) 
Андрейдің сөзін бөліп бөгет жасаймын деп, ана тапжылмастан отыруға 
тырысты.(М. Г.) 
2) 
Жиреншеге білдірмеймін 
деп, 
әлі де ағызып шауып келе 
жатқан. (М. Ә.) 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Сабақтас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемнен 
айырмашылығы неде? 
2)
 
Сабақтастың құрамындағы қандай сөйлемді басыңқы сөйлем дейді? 
3)
 
Сабақтастың құрамына енген жай сөйлемдер қандай тәсілдер арқылы 
байланысады? 
4)
 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер басыңқы және бағыныңқы сөйлемдерінің 
мағыналық қарым-қатынасына қарай нешеге бөлінеді? 
5)
 
Қандай сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
дейді? Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі 
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
6)
 
Қандай сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
дейді? Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі 
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
7)
 
Қандай сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді 
?Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі қандай 
тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
8)
 
Қандай сабақтасты амалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді? 
Амалы бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі қандай тұлғада 
тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
9)
 
Қандай сабақтастың түрін себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем дейді ?Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы 
сөйлемі қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?


345 
 
10)
 
Қандай сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем дейді? Мақсат бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі 
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет