Бастауышты білу үшін к і м б і т
і р д і? деп, баяндауышқа
қосып сұрақ қойса,
бастауыштың III
жақтық
ол
деген жіктеу есімдігі екендігін анықтау қиындық
келтірмейді. Ал сөйлем ішінде баяндауыштың айтылмауы ете сирек кездеседі.
Ондай толымсыз сөйлемдер сұрауға жауап ретінде айтылған диалогті
сөйлемдерде ғана кездеседі. Мысалы:
—
Орысша білесің бе?
—
Білем.
—
Молодец. Оқу оқыдың ба?
—
Оқып жүрмін, үшінші сыныпта.
—
Орысша ма?
— Иә. (С. М.)
Бұл диалогте
орысша оқисың ба?
деудің орнына —
орысша ма?
деп,
сөйлемнің етістік баяндауышы айтылмаған.
Баяндауыш, негізінде, етістіктерден, орнына қарай өзге сөз таптарынан да
болады. Сондықтан баяндауыш н е і с т е д і? Н е қ ы л д ы ? н е і с т е й д
і ? н е қ ы л а д ы ? қ а н д а й ? қ а н ш а ? н е ш е? н е
ш і н ш і? к і м? н е? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
Баяндауыштар да құрамына қарай екі түрлі болып келеді: 1) дара
баяндауыш, 2) күрделі баяндауыш.
Достарыңызбен бөлісу: