Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ



Pdf көрінісі
бет345/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ БӨЛІНУІ 
 
Сөйлем болу үшін ең басты шарт — сөйлемде бастауыш пен баяндау-
ыштың болуы. Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) сөйлемнің 
негізін құрайды. Бірақ барлық сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден ғана құрала 
бермейді. Сөйлемде бастауыш пен баяндауышты төңіректеп жүретін 
тұрлаусыз мүшелер де (толыктауыш, анықтауыш, пысықтауыш) болып 
отырады. Сөйтіп, бір сөйлемде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің барлығы да 
болуы мүмкін. 
Бұл машинаны кеңшар басшысы кеше сатып әкелді. 
Бұл 
сөйлемде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің бәрі де бар. 
Кеңшар басшысы
(к і м?) — бастауыш, 
сатып әкелді 
(не істеді?) — баяндауыш, 
машинаны 
(нені?)—толыктауыш, 
бұл 
(қай машинаны?) — анықтауыш, 
кеше 
(қ аш а н?)— 
пысықтауыш. 


311 
Үнемі сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер түгел айтыла бермейді. 
Кейде сөйлем таза тұрлаулы мүшелерден ғана тұрады. Кейде сөйлем ішінде не 
бастауыш, не баяндауыштың бірі айтылмауы да мүмкін. Бірақ сөйлемдегі бар 
мүшелердің морфологиялық тұлғаларына немесе сөйлемнің жалпы 
мағынасына, өзге сөйлемдермен іргелес келуіне қарай айтылмаған мүшенің 
қандай сөз екенін тауып алу қиыншылық келтірмейді. 
Сөйтіп, жай сөйлемдер кұрылысына қарай: 
жалаң және жайылма, 
толымды және толымсыз, жақты және жақсыз, атаулы
болып бөлінеді. 
§ 137. Жалаң және жайылма сөйлемдер 
Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған жай сөйлемді ж а л а ң
с ө й л е м дейді. 
I) Күз келді. 2) Қүн суыды. 
(Қ. Әбд.) 
3) Аттылар жүріп кетті. 
(М. Ә.) 
4) Мен 
оқып жаттым. 5) Ай жарық. 6) Мен ұйықтап қалдым. 
(С. М.) 
7) Балалар оқуда. 
(Ғ. М.) 
9) Қар жұқа болатын. 
(М. Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет