Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар


Әлеуметтік – алдын алу бағыты



бет22/119
Дата20.10.2023
өлшемі5,96 Mb.
#187046
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119
Әлеуметтік – алдын алу бағыты. Әлеуетке бейімделу және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатымен, 2020-2021 оқу жылында мектепте оқушыларға арнап, өмір тіршілігінің азаматтық-құқықтық және тұрмыстық салаларында әлеуметтік құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, құқықбұзушылықтың алдын алуға және т.б. бағытталған кездесулер болып тұрады.
Мектепте ата-аналарды және оқушыларды шақырумен құқық бұзушылықтың алдын алу кеңестері өткізіліп тұрады.
Мектеп комитетінде және жасөспірімдер жұмысы бойынша бөлім есебінде тұрған, отбасылық жағдайы нашар оқушыларға әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, Ішкі істер басқармасы жалпы қауіпсіздік бөлімінің жасөспірімдер жұмысы бөлімі бойынша учаскелік полиция инспекторы, сынып жетекшілер, мектеп психологы үнемі рейдтік шаралар өткізіп отырады.
Кеңес беру – түзету бағыты. Осы бағытта әлеуметтік педагогтың қатысуымен ғана шешімі табылатын отбасымен және жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Оқу жылы ағымында оқуға, сабаққа қатысу, сынып ұжымындағы мәселе және тұлғааралық қатынас мәселесі бойынша сынып жетекшілермен және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді.
Оқушылардың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін шешу үшін сынып жетекшілер, мектеп әкімшілігі, ҚЮП инспекторлары, ата-аналар қоғамдығы тартылады. Сонымен қатар, мектеп шағынауданында ата-аналар рейді ұйымдастырылады. Ата-аналар 2-ші ауысымдағы оқушыларды және Темір жол кентінде тұратын оқушыларды үйіне шығарып салады . Оған қоса сынып жетекшілігі жоқ мұғалімер тарапынан рейд ұйымдастырылған. Демалыс және мереке күндері педагог құрамынан қосымша рейдтер ұйымдастырылады, олардың бақылауына Лермонтов көшесі бойынша орналасқан ойын-сауық орындары, «Ласточка» базары, «Манақба» СҮ және мектеп ауданына қарасты компъютер клубтары мен аумақтар жатады.
Осыған байланысты оқу жылының жұмыс талдауы мектептің әлеуметтік-педагогикалық қызметі мектептің алға қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыс жоспарын орындайтынын көруге болады. Мектептің педагогикалық ұжымымен жалпыға міндетті оқу туралы Заңын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады. Әр түрлі санатқа жататын оқушылар қажетті көмектерін алып тұрады. Оқушыларының әрқайсысы бақылауда. 9-шы сынып түлектері үшін оқуды жалғастыру мәселесі өзекті болып қала береді. Олармен бірге мектеп әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызмет және сынып жетекшілер жеке кәсіби бейімделу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ мектепшілік бақылауда және ҚЮП есебінде тұрған оқушылардың сабақтан тыс уақытын өткізу мәселесі өзекті болып қала береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет