6. Әдістемелік жұмыстың талдауы
2020-2021 оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы келесі тақырып бойынша жұмыс жасады: «МЖМБС іске асыру жағдайында білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы сапасына қол жеткізу факторы ретінде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мақсаты: МЖМБС-ын сәтті жүзеге асыру жағдайында білім алушыларға тиімді білім беру мен тәрбиелеудің факторы ретінде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды педагогикалық тәжірибеге енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату бойынша жұмыс тиімділігін арттыру.
Білім берудің табыстылығын, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі мен әдістемелік дайындығы деңгейін мониторингілеу және диагностикалау жүйесін жетілдіру.
Зияткерлік қабілеті жоғары балалармен жұмыс жүйесін дамыту және жетілдіру.
Кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерді үнемі жаңартып отыру үшін жағдай жасау - білім беруші мұғалімінің тұлғасын үздіксіз кәсіби дамытуды, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен әдістемелік дайындығы деңгейін қамтамасыз ету
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әдістемелік жұмыс келесі қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырылды:
Әдістемелік кеңестің жұмысы – мұғалімдердің ұжымдық әдістемелік қызметі;
Әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;
Педагогикалық шеберлікті арттыру;
Әдістемелік бірлестіктердің, шағын шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру;
Жеке-әдістемелік және инновациялық қызмет – жұмыс тәжірибесін тарату;
Оқытудың тиімді технологиялары мен оқыту әдістемелерін іздеу және енгізу;
Мұғалімдердің жұмысының нәтижелілігін талдау, бақылау және диагностикалау;
Дарынды балалармен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |