Тест нәтижелерін талдай отырып, келесі қорытынды жасауға болады: - оқушылар пәндерді ағылшын тілінде оқуға қызығушылық танытуда;
- мұғалімдер қолданатын әдістер мотивацияны арттыруға және қостілдік ортаны құруға ықпал етеді;
- арнайы курстарда пайда болған іздеу-мәселелік жағдай оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыруға ықпал етті.
- аталған арнайы курстар сыныптарға арналған пәндердің «ағылшын тілі» бейіндік пәнімен сабақтастығы мен интеграциясын құруға көмектесті.,
Оқушылар оқу мен тәрбие сапасын бағалай отырып, қиындық туындаған жағдайда тиімді әрекет ете алды, қазіргі қоғамның өзгеріп жатқан жағдайларына бейімделуді үйренді.
Мектепте көптілді оқыту жүйесін енгізу мүгелімдерге келесідей мүмкіндіктерді берді:
- көптілді оқытуда қолданылатын ұғымдық аппаратты толықтыру;
- педагогикалық шеберлікті арттыру;
- тілдік даярлықты жетілдіру;
- ағылшын тілін қолдану арқылы сабақ жүргізу әдістемесін меңгеру;
- оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың оқуда және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынтасын арттыру;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім беру мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру.
CLIL технологиясын қолдана отырып, 25 адамды ішінара ортаға енгізу арқылы 9 «Б» сыныбындағы үлгерім нәтижелері. Химия бойынша оқу деңгейі оңтайлы, ағылшын тілінде жоғары.
Сынып
Мерзімі
Оқушылар
Үлгерім
Білім сапасы
химия
Білім сапасы ағылшын тілі
Үздік
Жақсы
Қанағат
9 Б
1-тоқсан
25
2
14
9
64,0
76,0
2-тоқсан
25
4
11
10
60,0
72,0
3-тоқсан
25
3
11
11
56,0
72,0
4-тоқсан
25
2
11
12
52,0
64,0
Жыл
25
2
13
10
60,0
76,0
Оқу жылы ішінде «Химия» пәні бойынша білім сапасының төмендеуі байқалады. Жыл бойы білім сапасының төмендеуінің негізгі себептері мынадай болып табылады: химия мұғалімімен тиісті байланыстың болмауы (қашықтықтан оқыту); қашықтықтан оқыту режимінде өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерінің болмауы.