Дарынды балалармен жұмыс мектептің басым бағыттарының бірі болып қала береді және білім беру мазмұны, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. 2020-2021 оқу жылы ішінде дарынды балалармен жұмыс жүйелі жүргізілді және келесі нормативтік құжаттарға сүйенді:
дарынды балаламен жұмыс жоспары, ОҒҚ жоспары;
оқушылардың республикалық пән олипиадасының қалалық, облыстық кезеңінің ережелері.
Оқушылардың қабілеттерін дамыту, дарынды балалармен жұмыс факультативтер, элективті курстар, жеке сабақтар жүйесі, сабақтарда мұғалім мен оқушының бірлескен өнімді өзара әрекеті арқылы құрылады.
Бірінші кезекте дарынды балалармен жұмыс бойынша мектептің қызметін реттейтін нормативтік құжаттар зерделенді. Оқу жылының басынан бастап әдістемелік және басқарушылық қамтамасыз ету іс-шараларын қамтитын дарынды балалармен жұмыс жоспары жасалды. Оқу деңгейі жоғары оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағытталған тәсіл қағидатын іске асыру, олардың зияткерлік қасиеттерін белсендету, адамның шығармашылық іс-әрекет субъектісі ретінде үйлесімді дамуы үшін мектепте қосымша білім берудің ойластырылған жүйесі жұмыс істейді:
орта және бастауыш сынып оқушыларына арналған үйірмелер;
жоғары сынып оқушылары үшін элективті курстар.
«Дарынды балалар» бағдарламасы бойынша жұмысты сәтті ұйымдастыру үшін оқушылардың мектеп ғылыми қоғамы жұмысын жалғастыруда. Оның мақсаттары: оқушыларды тәрбиелеу және дамыту, олардың өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;ғылымның әртүрлі салаларындағы ең дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;шығармашылық жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру; оқушылардың танымға құндылық ретінде бағдарлануы.
ОҒҚ қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: пәндік секциялар, жобалық және зерттеу қызметі, олимпиадалар, сайыстар, тақырыптық пәндік апталар.
Мектеп әкімшілігі дарынды балалармен жұмыс жасауға тиісті көңіл бөледі. Мектепішілік бақылау жоспарында мектеп олимпиадаларын, түрлі деңгейдегі сайыстарды талдау мәселелері көрсетілді. Мектепте дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Әдістемелік кеңес отырысында мектептің дарынды балалармен жұмысы талданды және келесі оқу жылында ғылыми - зерттеу жұмыстарын жандандыру бойынша негізгі іс-шаралар белгіленді.
Зияткерлік және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін нысандарды, әдістерді пысықтау бойынша мұғалімдердің қызметін ұйымдастыру әдістемесі зерделенеді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және жалпылау жүргізіледі. Олардың әдістемелік материалдары мектептің сайтында және т.б. жерлерде жарияланады. Дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогикалық кадрларды ынталандыру жүзеге асырылады. Дарынды балалармен жұмыс жоспарына сәйкес 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында пән олимпиадалары өткізілді. 5-6 сынып оқушылары арасында мектептің пәндік олимпиадасына 101 оқушы қатысты. Жеңімпаз атанған 12 оқушы қалалық олимпиадаға қатысты. Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 5-6 сыныптар арасында «Жаратылыстану» пәні бойынша Реснянский Елисей (5 сынып оқушысы) II орынды, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Жумабаева Айяна (5 сынып оқушысы) және Галимов Георгий (6 сынып оқушысы) III орынды иеленді.
ЖМЦ пәндері бойынша 7-8 сыныптар арасында 7 оқушы қатысты, гуманитарлық пәндер бойынша 1 оқушы (қазақ тілі) Солоденко А. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары: Левина А. - 1 орын, Петраш П. - 2 орын «Математика» пәні бойынша, Зиневич М. - 1 орын, Левина А. - 3 орын «Биология» пәні бойынша. Облыстық кезеңде Зиневич М – «Биология» пәні бойынша I орын.
9-11 сыныптарда мектепішілік кезеңге 78 оқушы қатысты, оның ішінде 52 оқушы жүлдегер. Олимпиаданың қалалық кезеңіне 14 оқушы қатысты, жеңімпаздар жоқ, жүлдегерлер - 3. Шеповалова А. (10 сынып оқушысы) «Қазақ тілі» пәні бойынша 1 дәрежелі дипломмен, Пилицкая К (9 сынып оқушысы) «Қазақ тілі» пәні бойынша және Галюра Я «Орыс тілі» пәні бойынша 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
А.Шеповалова «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 3 орын алды. Қала әкімінің грамотасымен және 100000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатпен марапатталды.
Халықаралық Әл-Фараби олимпиадасының қорытындысы бойынша ЖМЦ пәндері бойынша 10 «А» сыныбының 4 оқушысы жүлдегер атанды. Бұл «Физика» пәні бойынша Фарат С. 3 дәрежелі дипломмен, Пузырев Н. «Химия» пәні бойынша, Храпова Д «Биология» пәні бойынша,Шеповалова А. «География» пәні бойынша 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Матол» республикалық олимпиадасында 3 оқушы (Гариффулина Настя-8 сынып оқушысы, Тажипов Рустам – 7сынып оқушысы, Реснянский Елисей – 5сынып оқушысы) үшінші турға дейін жетті. Үшінші турда Реснянский Е. 3 орын алды. Қалалық деңгейдегі «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына 2 адам қатысты Реснянский Е.(5 «В» оқушысы) және Фельде П.(4 «А» оқушысы). Фельде Платон қалалық турнирде 1 орын алды. Оның жобасының тақырыбы: «Ғасырлар өткен соң, жылдар өткен соң (ҰОС арналған сайт құру)» (жетекшісі М.К.Кабышева) Реснянский Елисей 1 дәрежелі дипломмен және үздік ғылыми жұмыстың авторы ретінде төсбелгімен марапатталды. Оның «Туған жердің бұрыштары кіші отанның минералды байлығын бейнелеу тәсілі» атты жұмысы «100 үздік ғылыми жоба-2020» жинағына енді (жетекшісі Брехт Л.Ф.)
ЖМЦ бойынша екінші президенттік олимпиадаға 11 «А» сынып оқушысы Гимазетдинова Виктория қатысып, 2 орынға ие болды.
Қалалық қашықтық «Абай оқулары » онлайн байқауына 4 адам қатысты. 1 дәрежелі дипломмен - Карташова А. (8 сынып), 3 дәрежелі дипломмен - Шеповалова А. (10 сынып), Солоденко А. (8 сынып) марапатталды. Облыстық кезеңде «Абай ақын шәкірттерінің шығармалары» аталымы бойынша Карташова А. 1 орынға ие болды. Қалалық «Ақберен» байқауына 4 адам қатысты, Солоденко А. 3 орынға ие болды. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік елім - тірегім» атты эссе байқауында 8 сынып оқушысы Карташова А. 1 орын алды. «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» республикалық қашықтық олимпиадасына өзге ұлт өкілдерінен тұратын 8 адам қатысты, жеңімпаздар мен жүлдегерлер жоқ, бірақ оқушылар ең жоғары балл жинағандар ретінде аталып өтті. «Абай - руханият сардары» онлайн челленджінде 1 сынып оқушысы Долголевец М. 1 орынға ие болды. «Ақберен» байқауының қалалық кезеңінде «Көркем сөз оқу» аталымы бойынша Солоденко А. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3 орын алды. 11 «А» сынып оқушысы Тасамбаев Т. II қалалық «Сардар» республикалық олимпиадасында 2 орынға ие болды.
Бастауыш сыныптарда 1-2 сыныптың 60 оқушысы «Вундеркинд» олимпиадасына қатысты. 1 сынып - 58 оқушы, оның ішінде 4 жеңімпаз, 22 жүлдегер. 2 сыныпта -2 адам, 1 жүлдегер. «Слон» олимпиадасы бойынша 5 сыныпта -1 адам -1 жеңімпаз. «Пони открывает мир» 3 сынып жеңімпаздар - 1 (Косогор М.), жүлдегер - 28 (2сынып), 4 - (4сынып), 5 - (3сынып, 2- ТБМ). «Бастау» олимпиадасының жүлдегері - Сиязбек С. -2 сынып және Титов М. – 4сынып (3 орын). «Білімпаз» «Текстознайка» сайыстарында 4 сынып оқушысы Мауль Илья 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, ал 3 сынып оқушысы Иванов Руслан - 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылар облыстық сайыстарға белсенді қатысты. Стародубцев Кирилл, Асаинов Адиль, Киреев Оразбай және мектеп командасы «Сарбаз -2021» сайысында 1 орын алды. 11 «А» сынып оқушысы Тасамбаев Тамерлан «Жас ұлан» аталымында жүлделі орынды иеленді (1,2 орын).
Талдау көрсеткендей, мектепте жалпы білім беру пәндерінің мұғалімдері оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді,
бірақ ғылыми жобалар бойынша сайыстарға қатысу жоқ.