Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар


Біліктілік санаттары бойынша педагог қызметкерлердің сапалық құрамы



бет48/119
Дата20.10.2023
өлшемі5,96 Mb.
#187046
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119
Біліктілік санаттары бойынша педагог қызметкерлердің сапалық құрамы

Санат/ оқу жылы

2016-2017

2017-2018

2018-2019

2019-2020

2020-2021

Жоғары (педагог – зерттеуші)

39(45%)

39(43%)

40 (42%)

42(44%)

48 (52%)

Бірінші (педагог – сарапшы)

12(14%)

13(14%)

14 (14,5%)

17(17%)

11 (12%)

Екінші (педагог – модератор)

12(14%)

18(20%)

18 (19%)

15(16%)

18(19%)

Санатсыз

23(27%)

21(23%)

24(25%)

22(23%)

16 (17%)



2020-2021 оқу жылында 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар жас мамандар мен мұғалімдердің жұмысқа қабылдануына байланысты санаты жоқ мұғалімдердің үлесі 16%-ды (17 мұғалім) құрайды, бұл 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда 6% - ға аз. Сонымен қатар, 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар екі жас маман педагог–модераторға аттестациядан сәтті өтті.
Осылайша, мектептің 59 (63%) мұғалімі оқу жылының соңында жоғары және бірінші санатқа ие, бұл мектептің педагогикалық ұжымының жеткілікті жоғары біліктілік деңгейін көрсетеді және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру міндеттерін шешу үшін нақты негіз жасайды.
Аттестаттау педагогикалық шеберлікті жетілдірудің қуатты ынталандырғышына айналды, жоспарлы түрде өткізіледі, жүйелілік, үздіксіздік, бақылау және шығармашылықты ынталандыру қағидаттарын іске асыруға негізделген. Барлық құжаттар ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 жылғы №83 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлерді аттестаттау Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
2020-2021 оқу жылының 1 жартыжылдығында жаңа форматтағы аттестаттау кезінде мынадай санаттар берілді: педагог-зерттеуші – 13 мұғалім, педагог-сарапшы – 1 мұғалім, педагог–модератор – 2 мұғалім. 2020-2021 оқу жылының 2 жартыжылдығында аттестаттауға 17 мұғалім өтініш берді: педагог–зерттеуші санатына – 6 мұғалім, педагог–сарапшы – 6 мұғалім, педагог–модератор – 5 мұғалім. 2020-2021 оқу жылының 2 жарты жылдығында ҰБТ рәсімдеріне 7 мұғалім қатысты: педагог–зерттеуші санатына – 2 мұғалім, педагог–сарапшы – 5 мұғалім. Оның ішінде 5 мұғалім арнайы оқудан өтті, 2 педагог мәлімделген санатқа шекті деңгейден өте алмады. 11 педагог 2020-2021 жылдың 1 жартыжылдығында ҰБТ рәсімінен өтті, бірақ аттестаттаудың екінші кезеңіне 2020-2021 жылдың 2 жартыжылдығында өтініш берді. Сондай-ақ, 1 мұғалім тестілеуге ҰБТ-ден өтпей қатысады, өйткені ол үздік дипломға ие. 2020 жылғы 12 мамырдағы №192 бұйрыққа сәйкес 3-тарау 48-тармақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген адамдарға «педагог-модератор» біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі. 2020-2021 оқу жылының 2 жартыжылдығында 30.04 № 18-6/890 бұйрығына сәйкес. 2021ж. аттестаттауды өткізу және біліктілік санаттарын беру мерзімдері 12 сәуірден 25 шілдеге дейін ұзартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет