Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Поэтика (грек тілінде poіetіk fehne



бет13/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Поэтика (грек тілінде poіetіk fehne — шығармашылық өнер) — әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Поэтика негізгі 3 саланы, мәтіннің дыбыстықсөздікобраздық құрылымын зерттейді.
Поэтиканың басты мақсаты — осы үш саланың толық жүйеленген эстетикалық амалдарын анықтау. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндес ұғымды білдірсе, ал нақтылы мағынада сол теориялық әдебиеттің бір саласы ретінде қабылданады.
Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика әдеби тек пен түрдің, ағым мен бағыттың, стиль мен әдістің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ көркемдік тұтастық деңгейлерінің ішкі байланыс заңдылықтарын, олардың ара қатынасын зерттейді.
Оның өзі зерттеу нысанына байланысты  романтизм поэтикасы, романның поэтикасы немесе белгілі бір суреткер шығармаларының поэтикасы не көркем шығарма поэтикасы болуы мүмкін.
Әдебиеттегі бейнелеу құралдарының тілге қатыстылығын ескерсек, онда поэтика көркемдік құралдар тілін зерттейтін ғылым ретінде де танылады (мысалы, көркем әдебиеттің тілі).
Поэтиканың мақсаты - шығарма құндылығын, эстетикалық әсер қалыптастыратын мәтін элементтерін айқындап, оны жүйелеу болып табылады (мысалы, лирикалық өлеңдерде ырғақ, ал прозада сюжет басты рөл атқарады).
Поэтикалық жүйе ізденістері нормативтік поэтика құруға алып келді (классицизм дәуірі мен 19 ғ-дағы Еуропа әдебиетінде).
Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты.
Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).
Барокко (италяндық barocco — әлеміш) елес деген мағы.білдіреді.. — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль.
Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет