Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет15/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

І МӘТІН ЖӘНЕ АВТОР

    1. Әдеби шығармашылықты зерттеу жолдары

Қарастырылатын мәселелер:

  • көркем шығармашылықты зерттеудің мақсаты мен міндеттері;

  • көркем әдебиеттегі объективтілік пен субъективтілік туралы;

  • адамның рухани болмысы және шығармашылық еңбек;

  • көркем ойлау табиғаты.

Көркем шығармашылықтың табиғатын зерттеу – пәлсапа, әлеуметтану, әдебиеттану сияқты ғылым салаларындағы эстетикалық теориялардың іргелі мәселесі. /пәлсапа-немесе философия – адамзат баласының ерте заманнан басталған білімі,яғни қоғамдық сананың формасы.Мыс.Грек философы Аристотель.Платон т.б.


Адам санасы мен танымының қарқынды өсуі, ғылыми қарымы мен қуатының артуы да көркем шығармашылықты тереңірек және ауқымды қарастыруды міндет етеді.. Сонымен қатар өнер табиғаты да күрт өзгерістер үстінде, ондағы ұлттық негіздер әлемдік жаһандану үдерісіне сай өзгеруге, ілгерілеуге, бейімделуге тырысуда.
Шығармашылықтың табиғатын арнайы зерттеудің мақсаты және оны арнайы бөліп қарастырудың тағы бір себебі бар.
1.Мәдениет және халық, қоғам мен өнер, әдебиет пен жеке адамның байланыстарын кешенді түрде сараптау да өскелең өмір талабына айналған.
2.Өнер мен әдебиет саласына ұлттық иделогияның қарым-қатынасын зерттеу және назарынан тыс қалдырған болмыс.
Шығармашылық тұлғаның ойы мен сезімінің қуаты деп,-
1. ұлттық-әлеуметтік болмысты өзекті тақырып етіп талдауында
2. Өзі жазатын проблемасына толық қанығу, оны адамдық рухани-эстетикалық мөлшер аумағында қарастыру,
3. Сананы сапырылыстыру, көңіл-күйді серпілту.
Қазіргі заманда жедел дамып отырған қоғамтану салаларындағы, әсіресе антро-пология мен психологиядағы жаңа көзқарастар мен теориялық тұжырымдардың көбі көркем мәтінге тәкелей байланысты болғандықтан, олардың өзара әсер-ықпалын жүйелі түрде сөз ету көркем шығармашылық еңбектің жаңа сырлары мен қырларын ашуға көмектеседі.
Суреткердің өзіне икемді әрі етене әлеуметтік тақырыбы мен проблемасының ауқымында,тағылымды - адами-қоғамдық қасиеттер жататыны түсінікті. Мыс. С.Мұратбеков, Д.Исабеков, О.Бөкеев әңгімелерінің әлеуметтік астарын қазіргі көзбен бағалаудың қажеттігі жетерлік, олардың қазіргі оқырманның танымын тереңдететініне дау жоқ.
Яғни,суреткердің эстетикалық танымы үнемі белсенді әркет үстінде болады.
МЫС. Қаламгер танымы - адамға қатысты барлық ғылым мен білім салаларының жаңа ұғымдар мен түсініктермен үнемі байып, өзгеріп отыруы оның дамуының басты шарты .Өнердің диалектикалық табиғаты туралы айтыла-айтыла ескірген сияқты болып көрінетін өткендегі теориялық ой-пікірлерге үзілді-кесілді үрке қараудың керегі жоқ.
Диалектикалық ойлаудың тағы бір айрықша назар аударатын тұсы – оның көркем шығармашалықты сан түрлі, кең өлшемді, көп компонентті, мол факторлы құбылыс деп тауға ұмтылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет