Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет18/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

«Абай жолында» өмірді нақты суреттеу мен көркем бейнелеудің қай жерден басталып, қай тұста бітетінін, ал шығармашылық ізденістің дәл қайдан басталатынын кім ажыратып береді екен? Эпопеяда тұтас бір тарихи кезең толық, терең, жан-жақты бейнеленумен қатар, онда заманның әрқилы характерлерін, идеяларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, тұрмысын келешек оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудыратындай етіп жазған автордың шығармашылық ізденіс ауқымының өте кең екендігі көрініп тұр.

Эпопеяның төрт кітабында қазақ өмірінің жарты ғасырға жуық ғұмыры дәл, шынайы, айқын бейнеленген. Құнанбай-Абай-Әзімбай-Рахымдар бастаған төрт ұрпақтың тіршілік көшінің жүрістен танбайтын, бірде олпы-солпы, кейде қараң-құраң, бірін-бірі қуалай жосыған керуендері көрініс тапқан. Көшпелі мәдениеттің тұрмыс-салты, сенім-нанымы, құқығы, адамгершілік-кісілік көріністері қамтылған.


Тыңнан, ойдан шығарылған оқиғалар, бейнелер эпопеяда аз емес. Қаламгер қиялы тудырған эпизодтар, сюжеттік желілер де толып жатыр.
Көркем шырамашылықтағы ең басты мәселелердің бірі – объективтілік болмыстың суреткер ойы мен санасында қабылдануы, танылуы және бейнеленуі.
Осыған байланысты «өнер-болмыс», «өнер-шындық», «өнер-таным», «өнер-құндылық», «өнер-шарттылық» сияқты эстетикалық мәселелер туындаған және ол туралы зерттеулер жазылған, олардың ғылыми маңызы да жетерлік.
Эстетикада ежелден қалыптасып қалған дәстүрлі көзқарастар бар. Оның бірі – шығармашылық еңбек дегеніміз адамның бірінші сиг-налдық жүйесіндегі сезімге, көңіл-күйге негізделген рухани қызмет түрі.
Түйсік пен сезім мүшелері арқылы қабылдаудың адам өміріндегі орны ерекше. Шығармашалық тұлғаның айналаны көруі, естіуі, сезінуінің қатардағы қарапайым адамнан гөрі басқаша.
Кант эстетикалық пайым мен логикалық ойлаудың, өнер мен танымның арасын айқын ажыратып, эстетиканың негізінде субъективтік сипатқа жататынын дәйектеп, әсемдікті бағалаудың төрт белгісін көрсеткен: 1) сапа,
2) сан,
3) мақсат,
4) модальдық.
Канттың көркем ойлауды рухпен, талғаммен, эстетикалық идеялармен тығыз бірлікте қарастырған.
Романтизм эстетикасы көркем ойлауды өз тұрғысынан қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет